Автор: Сайт әкімшілігі

Caspianlife, 11 сәуір —  Бүгін сағат 15-00-де Атырау қаласындағы Тасқала ауылынан Каспий теңізі бағытына қарай 20 км жерде қамыс өртенгені анықталды. Өрт аумағы анықталуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. ТЖД 11 жеке құрам қызметкері мен 4 техника жұмылдырылған.

Read More

CaspianLife, 11 сәуір — БҚО жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 21 см-ге көтеріліп, 487 см-ге жетті. Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 37 см-ге, су деңгейі 577 см-ді көрсетіп тұр. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 260 см-ге көтерілген. Атырауда Жайық деңгейі бір күн ішінде 27 см-ге көтеріліп, қазір 312 см шамасында. Қиғаш-Шортанбай су бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 9 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 165 см болып тұр. Жем өзеніндегі су деңгейі де бір күн ішінде 8 см-ге төмендеп, 275 см-ді көрсетті. 11-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 902 текше метр су…

Read More

CaspianLife, 10 сәуір —  Еліміздің солтүстік және батыс облыстарында болып жатқан күрделі ахуалға байланысты айыр қалпақты ағайындар қазақ еліне 300 тонна гуманитарлық көмек тиелген 15 фура жіберді. Оның 80 тоннасы атыраулықтарға тиесілі. Ал қалғаны еліміздің өзге өңірлеріндегі жұртқа жеткізіледі. Қырғыз халқы бізге азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын, гигиеналық заттар, сондай-ақ, үрмелі қайықтар мен шатыр, шам, техникалық құрылғы, құрал-саймандар беріп жіберіпті. Гуманитарлық көмек тиелген жүкті Қырғыз Республикасының Төтенше жағдай жөніндегі вице-министрі Урматбек Шамырқанов бастап алып келді.

Read More

CaspianLife, 10 сәуір — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 36 см-ге көтеріліп, қазір 285 см шамасында. Батыс қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 27 см-ге көтеріліп, 466 см-ге жетті. Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 45 см-ге көтеріліп, су деңгейі 540 см-ді көрсетіп тұр. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 223 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай су бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 8 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 174 см болып тұр. Бұл Волгоград суқоймасынан жіберіліп жатқан су көлемінің азаюымен байланысты. Жем өзеніндегі су деңгейі де бір күн ішінде 15…

Read More

CaspianLife, 9 сәуір — Бұл туралы Атырау облыстық ТЖ баспасөз қызметі хабарлады. «2024 жылғы 9 сәуірде сағат 12:27-де ТЖД құтқарушылары Жылыой ауданы Құлсары қаласы «Рамазан» дүкені тұсынан ер адамның мүрдесін тауып, Полиция қызметкерлеріне тапсырды» — делінген хабарламада. Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін су тасқыны кезінде 3 адам мерт болды. Ал, жоғалған әкесі мен баласы әлі де іздестірілуде. ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

Read More

CaspianLife, 9 сәуір — Атырауда Жайықтағы су деңгейі 30-см-ге көтерілді. Ал жалпы су тасқыны басталғалы бері судың көтерілу деңгейі — 58 см. Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің Атырау облысы бойынша филиалы хабарлады. 9 сәуір таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Индербор кентіндегі гидропостта Батыс Қазақстан облысы жағынан судың келуі есебінен cу деңгейі 33 см-ге көтеріліп, қазір 4 м 39 см-ге жетті. Махамбет кентінде су деңгейі 60 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері судың жалпы көтерілу деңгейі 178 см. Қиғаш-Шортанбай су бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 6 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 182 см болып тұр. Бұл Волгоград суқоймасынан жіберіліп жатқан су…

Read More

CaspianLife, 9 сәуір — KazMunaiGas Burgylau мекемесі жаға бекіту жұмысына жұмыла кірісіп жатыр. Кәсіпорын қызметкерлері Жаңаталап ауылы маңындағы Жайық жағасында еңбек етуде. Олар өткен сенбіден бастап өздеріне берілген 1 шақырым жағаны нығайтуды аяқтапты. Алайда, онымен тоқтап қалмай ұзындығы 2 км дамба тұрғызуға тағы кірісіп кетті. «Біздерге ешқандай қаражат бөлінген жоқ. Оның бәріне ақша төлеп отырған біздің мекеме. Біздің мекеме Kazpetrodrilling АҚ-на жатады. Солар бізге ақша бөліп, бәрін істеп отыр. Қажетті техниканың бәрін біз жалға алып отырмыз. Оның бәріне мекеменің өзі төлеп отыр. Қазір ескі балдың үстінде тұрмыз. Кейбір жерде бал жоқ, кейбір жерде қатты отырған. Қазір 2-3 күн ішінде 1…

Read More

CaspianLife, 8 сәуір — Атырау облысының ТЖ жөніндегі  жедел штабы су тасқыны кезінде болуы мүмкін инфекциялардан қорғану жолын айтты: — ішуге және ас дайындауға тек қана бутилделген немесе қайнатылған суды пайдалану керек; — бұлақтардан, құдықтардан және тасқын аймағындағы ұңғымалардан су ішпеу керек; — ⁠тасқын сумен ылғалданған азық түлікті қолданбау керек; — әжетханаға кіріп шыққан соң, ас дайындау алдында және асты қабылдаудан бұрын қолды сабындап жуу керек; — ⁠тасқыннан кейін барлық ғимараттардағы бөлмелерді дезинфекциялау керек; — инфекциялық сырқаттардың белгілері (дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, лоқсу, құсу, нәжістің сұйықталуы, тамақ ауырғанда, бөртпе пайда болғанда) біліне бастаған бойда, дереу медициналық қызметкерге хабарлау керек.

Read More

CaspianLife, 6 сәуір — 9.00-дегі деңгей 319 см құрады, бұл сыни деңгейден 31 см төмен (350 см қауіпті деңгейде). Еділ өзенінің бір саласы – Қиғаш жылғасындағы су деңгейі де көтеріліп келеді. Қиғаш-Шортанбай гидропостында бір тәулік ішінде су деңгейі 2 смге төмендеп, 204 смді көрсетті. Бұған Волгоград суқоймасынан жіберілетін су көлемінің азаюы ықпал етті. Көктемгі тасқын басталғалы бері су деңгейінің жалпы 76 см-ді көрсетті.

Read More