CaspianLife, 16 сәуір — «Атырау жылу электр орталығы» АҚ президенті Мақсат Аленов тұрғындар тарапынан алаңдаушылық туындап отырған осы мәселеге жауап берді. «Жайықтың аузынан Жоғарғы Перетаска каналына су алатын жерімізде балық қорғайтын үлкен бөгет бар. Тасқынның алдын алу мақсатында біз жалпы ұзындығы 750 метр болатын Азаттық көшесіне дейін, жоғарғы Перетаскада екі жағына да бөгет жасалды. Азаттықтың қасына дейін де бөгет соғылды. Тұрғындар бұл жұмыстарға қатысты. Азаттықтан кейін қарай төменгі Перетаскаға артық су жіберілмейтінін сенімді түрде мәлімдеймін. Аталған елдімекендерді су басады деген ақпарат жалған. Қазіргі уақытта су деңгейін үнемі бақылуымызда. Төменгі Перетаска каналының «Атырау жылу электр орталығы» каналына қосылатын жеріне қосымша бөгет…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 16 сәуір — Еділ өзенінің алабындағы Қиғаш өзені – Шортанбай ауылының тұсындағы гидробекетте су деңгейі өткен тәулікте 7 см көтеріліп, деңгейі 187 см құрады. Құрманғазы ауданы бойынша жалпы су тасқынына қарсы бөгеттердің ұзындығы – 264 шақырым (Қиғаш – 158 км, Шора – 106 км). Барлық бөгеттердің техникалық төлқұжаттары жасақталып, ауылдық округтердің теңгеріміне алынды. Аудандағы тұрғын үй саны – 11 645 (халық саны – 56 000 адам), оның ішінде су тасқыны қаупі бар 16 округте тұрғын үйлер саны – 9 971 (халық саны – 50 167 адам). 16 сәуірдегі өзендегі су деңгейі (Шортанбай гидробекеті) – 187 (+7) см, Шора өзені…
CaspianLife, 16 сәуір — Махамбет ауданында жағалауды нығайту жұмыстары 80 шақырымда жүргізілуде, — деп хабарлайды Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы. Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев айтуынша, бүгінгі таңда жағалауды нығайту жұмыстары 80 шақырымда жүргізілуде, оған 217 арнайы техника, 3500 ерікті, 650 әскери техника жұмылдырылған. — Бүгінде халық пен малды эвакуациялау пункттерінің мекенжайлары анықталды. Жақын арада гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің орны белгіленеді, — деді Қайрат Нұрлыбаев.
CaspianLife, 15 сәуір — Жылыойда 1942 адам бір реттік әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берген. Бұл туралы Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов айтты. Оның сөзінше, бір рет берілетін қаржының көлемі — 100 АЕК немесе 369 200 теңге. Мамандар өтінішті демалыссыз, яғни сенбі-жексенбі күні де қабылдап жатыр. Сонымен қатар, қазір Теңіз қалашығына эвакуацияланып, қоныстанған адамдардан да өтініш алу үшін 2 маман арнайы жіберіліпті. Азамат Мәмбетовтың айтуынша, төлем тұрғындардың есеп шотына келер аптадан бастап түседі. Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов: — Екі жерден қабылдап жатырмыз. Бұл жұмыспен қамту…
Caspianlife, 15 сәуір — Махамбет ауданына қарасты Жалғансай ауылдық округіндегі ұзындығы екі шақырымға жуық ескі дамбы биіктетіліп, жаңадан 1,5 шақырым бөгет соғылды. Бұл жұмыстың басы-қасында 20 техника мен 100-ден аса ерікті жүр. Ауыл халқы бір кісідей дамбы басында жүріп, күні бүгінге дейін 50 мың қапшыққа құм толтырған. Жалғансайлықтарға көмекке келген әскерилер де жұмысты өндіріп жатыр. Күндіз түні еңбек етіп жатқан еріктілерге осы ауылдың қыз-келіншектері ыстық тамақ дайындап, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп жатыр. Соңғы ресми мәлімет бойынша Жайық өзенінің деңгейі Махамбет кенті маңында бір тәулікте 14 см-ге көтеріліп, су деңгейі 654 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см.
CaspianLife, 15 сәуір — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Шарлыбаев Ақтөбе облысына сапары барысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа тұрғын үй салу үшін әкімдік бөлген жер учаскелерінің жай-күйін тексерді. Әкімдіктің ақпараты бойынша, өңірде 436 дайын жер учаскесі бар. Оның ішінде Ойыл ауданында 321, Қобда ауданында 77, Әйтеке би ауданында 22, Темір ауданында 10 және Ақтөбе қаласында 6 жер учаскесі бар. Министр жүргізіліп жатқан жұмыстың жеделдігі мен сапсына көз жеткізу үшін қалпына келтіру мәселесін жеке бақылауда ұстайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Қанат Шарлыбаев жергілікті кәсіпкерлермен, құрылыс компанияларының өкілдері кездесу өткізді. Кездесу барысында алдағы қалпына келтіру жұмыстары аясында бірлескен жұмыс жоспарлары мен стратегиясы…
CaspianLife, 15 сәуір — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 9 см-ге көтерілді, қазір мұндағы су деңгейі 373 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 550 см. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 3 см-ге көтеріліп, 528 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 14 см-ге көтеріліп, су деңгейі 654 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 337 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 7 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 170 см болып тұр. Жем өзенінің деңгейі бір…
CaspianLife, 14 сәуір — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 12 см-ге көтерілді, қазір мұндағы су деңгейі 364 см-ге жетті. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 9 см-ге көтеріліп, 525 см-ге жетті. Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 16 см-ге көтеріліп, су деңгейі 640 см-ді көрсетіп тұр. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 323 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 173 см болып тұр. Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде 24 см-ге төмендеп, 244 см-ді көрсетті. 14-сәуір күні Иреклі суқоймасынан…
CaspianLife, 12 наурыз — «Дина» базары жабылады. Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат жалған. Бұл туралы сауда орталығының басшылығы мәлімдеді. -Мына әлеуметтік желіде Дина орталық базары жабылады деген ақпарат тарап жатыр. Бұның бәрі жалған ақпарат. Себебі, базар штаттық режимде тұрақты жұмысын істеп тұр. Саудагерлердің бәрі өз орындарында. Азық-түлік пен тауарлар қоры жеткілікті. Сонымен қатар, саудагерлер мен кәсіпкерлер де Ақсай округі мен Мұнайшы микрорайонында бал соғу жұмыстарын жасап жүр. Қазіргі күні жағдай тыныш. Ондай жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймыз, — деді «Дина» сауда орталығы басшысының орынбасары Қаһарман Жәрдемов. Облыста ТЖ жарияланғалы бері осындай алып-қашпа әңгімелер әлеуметтік желіде қаптап кетті. Сондықтан, кәсіпкерлерге жағдайды түсіндіру…
CaspianLife, 12 сәуір — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 22 см-ге көтерілді, қазір мұндағы су деңгейі 334 см-ге жетті. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 14 см-ге көтеріліп, 501 см-ге жетті. Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 28 см-ге көтеріліп, су деңгейі 605 см-ді көрсетіп тұр. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 288 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай су бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 2 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 163 см болып тұр. Жем өзеніндегі су деңгейі де бір күн ішінде 8 см-ге төмендеп, 268 см-ді көрсетті. 12-сәуір…
