Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 18 сәуір — Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 18 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша өткен тәулікте: Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетінде су деңгейінің тәулігіне +8 см-ге көтеріліп, су деңгейі 201 см-ді көрсеткен. ⁃ Қиғаш каналындағы су тасқыны Волгоград су қоймасынан судың келуіне байланысты болып отыр. Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі артуы Еділ су электр станциясының су торабы арқылы төгінділердің көбеюіне байланысты күтілуде, — делінген хабарламада. 18 сәуірдегі Еділ су электр станциясынан судың жіберілуі 14260 м3 / с құрайды. Еділ су электр станциясы күшейтілген режимде 27 сәуірге дейін жұмыс істейді.

Read More

CaspianLife, 18 сәуір — Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штаб берген мәліметке сәйкес, өткен тәулікте жағалауды нығайту жұмыстарына: ⁃ 1034 арнайы техника; ⁃ 3875 мекеме қызметкерлері; ⁃ 3741 ерікті ⁃ 1751 әскери қызметші жұмылдырылды. Жалпы аумағы 169,7 шақырым бөгет тұрғызылған. 23,6 тонна гуманитарлық көмек жиналды.

Read More

CaspianLife, 18 сәуір — Атырау облысының Полиция департаменті ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді іріктеу жұмысы басталғанын хабарлайды. «Оқуға 16 жастан 25 жасқа дейінгі жастарды шақырамыз. Оқу мерзімі міндетті әскери қызмет өткеруге теңеледі және ішкі істер органдарындағы қызмет өтіліне кіргізіледі. Оқу мерзімі — 4 жыл. Оқу мерзімінде тыңдаушылар тамақпен, киім — кешекпен және стипендиямен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орнын бітірген түлектер міндетті түрде ішкі істер органдарына қызметке орналастырылады», -делінген хабарламада. Қосымша анықтаманы Атырау облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының 98-21-07 телефонына хабарласып немесе №404 қызмет бөлмесіне келіп алуға болады.

Read More

CaspianLife, 18 сәуір — Ресей жақтан келе жатқан өр суын ең бірінші болып қабылдайтын БҚО-дағы Январцево ауылының тұсында Жайық деңгейі 18-сәуір күні 38 см-ге, Көшім су бекетінде 8, Тайпақта 8 см-ге көтерілді. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейінде бір тәулік ішінде өзгеріс болған жоқ, су деңгейі кешегідей: 396 см. Қауіпті деңгей 550 см. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 8 см-ге көтеріліп, 555 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 7 см-ге көтеріліп, су деңгейі 679 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Ал жалпы көктемгі тасқын…

Read More

CaspianLife, 17 сәуір — Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға біржолғы материалдық көмек төлеу басталды. Тұрғындардың есеп-шоттарына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 369 200 теңге түсті. — Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан түскен өтініштерді тәулік бойы өңдейді. Қазіргі уақытта 650 — ге жуық өтініш қанағаттандырылды, — деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.

Read More

CaspianLife, 17 сәуір — Құрманғазы ауданында су тасқынының алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғасын табуда. Соның ішінде жаз мезгілінде өзендердің тартылып қалмауының алдын алу мақсатында түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды “Павлодар өзен порты” АҚ-ы атқаруда. Су жолын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін алты шынжыр табанды экскаватор жұмылдырылуда. Бүгінде Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, казір мұндағы су деңгейі 193 см болып тұр.

Read More

CaspianLife, 17 сәуір — Кәрімов Бауыржан Бақтыгерейұлы – «Атырау бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті болып тағайындалды. Өңірлердегі төтенше жағдайға байланысты федерациядағы ауыс-түйіс 2024 жылдың 15 сәуірінде онлайн түрде өтті. Экс-президент Данбай Шухрат Абдурашитұлы жаңа басшылыққа боксты дамыту жолында жемісті жұмыс бастауға тілек білдіріп, бокста жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыруды тіледі. Өз кезегінде сөз алған Бауыржан Бақтыгерейұлы Шухрат Абдурашитұлына Атырау облысында боксты дамыту жолында атқарылған орасан зор жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Read More

CaspianLife, 17 сәуір — Соңғы кездері әлеуметтік желіде ауыз судың сапасына қатысты түрлі әңгіменің шыға бастағаны белгілі. Бұған Жайық суының лайланып, одан өлексенің, тіпті мүрденің де шығуы әсер етсе керек. Халықты ауыз сумен қамтып отырған «Атырау облысы су арнасы» мекемесінің қызметкерлері өр суы келген кезде Жайықтың лайлана түсуі қалыпты құбылыс екендігін айтады. Бірақ су тұрғындарға бірнеше мәрте тазаланып, құрамы әбден тексеріліп барып беріліп отыр дейді. «Атырау облысы су арнасы» мекемесі мамандарының айтуынша, қазіргі кезде Жайықтан алынған бір литр судың құрамында 272 мг лайлылық бар. Өр суы келіп кеткенге дейін бұл көрсеткіш көбеюі мүмкін. Ал желтоқсан айында лайлылық литріне 5 миллиграмға…

Read More

CaspianLife, 17 сәуір — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 9 см-ге көтерілді, қазір мұндағы су деңгейі 396 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 550 см. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 9 см-ге көтеріліп, 547 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 8 см-ге көтеріліп, су деңгейі 672 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 355 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 193 см болып тұр. Қауіпті деңгей 5 метр.…

Read More

CaspianLife, 16 сәуір — Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнен босатылуы мүмкін. Бұл туралы бұйрық жобасы «Ашық НҚА» жүйесінде жарияланған. Ол 29-сәуірге дейін ашық талқылауда болады. Сондай-ақ, мерзімінде жасалмаған төлемдерді мәжбүрлеп өндіру де тоқтатыла тұруы ықтимал дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаева: Егер салық есептілігін тапсыру мерзімі 1 наурыз бен 30 маусым аралығына сәйкес келсе онда аталған салық есептілігін бірінші шілдеден тапсыруға болады. Мәжбүрлеп өндіру шаралары сонымен қатар тексеру істері, басқа да бақылау шараларына қатысты мерзімдерде осы уақытқа сәйкес келсе онда олардың уақыты бірінші шілдеге…

Read More