CaspianLife, 22 сәуір — БҚО-дағы Январцево ауылының тұсында Жайық деңгейі 21-сәуір күні максималды саналатын 903 см-ге жетіп, бүгін 2 см-ге төмендеді. Ал Орал қаласының тұсында 10, Тайпақта 7 см-ге көтерілді. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 3 см-ге көтеріліп, қазір 412 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 8 см-ге көтеріліп, 582 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 7 см-ге көтеріліп, су деңгейі 706 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 22 сәуір — Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы гидробекетінде 862 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 22 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша облыс орталығында су деңгейі бір тәулікте 10 сантиметрге жоғарылады. Көшімде 18 сантиметрге көтеріліп, 851 сантиметрге жетті. Қауіпті шектен (850 см) 1 сантиметрге асып тұр. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 521 сантиметрді (+7) көрсетті. Есесіне Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында Жайық өзенінің деңгейі 2 сантиметрге түсті. Мұнда қазір – 900 сантиметр (қауіпті шегі – 1 250 см). Көшім каналында да 1 сантиметрге төмендеу (823, қауіпті шегі – 800 см) байқалады. Шаған…
CaspianLife, 19 сәуір — Атырау облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Тағашевтың айтуынша, облыстағы сауда нүктелерінде баға тұрақты, уайымдауға негіз жоқ. “Сауда және интеграция министрлігінің Атырау облысындағы жергілікті өкілдері тұрақты түрде сауда желілерімен, үй жанындағы дүкендермен және көтерме сауда нүктелеріне күн сайын таңертең және кешке баға мониторингін жасайды. Сонымен қатар ірі сауда желілерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді”,- деді Еркебұлан Тағашев. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, қазір елімізде баға өсіру фактісі әзірге тіркелген жоқ. Сондай-ақ, шет мемлекеттер мен өзге қалалардан гуманитарлық көмек келуіне байланысты облыста азық-түлік қоры жеткілікті.
Атырау облысының Индер ауданында жергілікті тұрғындар жұма күндері әскери қызметшілер мен волонтерларға арнап бауырсақ, самса пісіріп жүр. Піскен тағам Жайық өзені бойында жағалау бекіту жұмыстарын жүргізіп жатқандарға таратылады. Тұтастай алғанда, аудан бойынша тасқын суға қарсы дайындық жұмыстарына 520 мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, сондай-ақ, 300 әскери қызметші тартылып, барлығы 460 мың құм салынған қап дайындалған.
CaspianLife, 19 сәуір — Айтуларынша олар нығайту жұмыстарын жасаған еріктілердің бірі. Қазіргі уақытта Жайық өзені жағалауындағы салынған бөгеттерден қапшықтарды ұрлау туралы көптеген шағымдар түсіп, соған байланысты жағалау бақылауға алынды. Патрульдеу кезінде полицейлер көліктің жүксалғышына қапшықтарды салып жатқан адамдарды байқаған. Полиция қызметкерінің не істеп жатырсыздар деген сұрағына олар қапшықтарды үйлеріне апара жатырмыз деп жауап қайтарған. Хаттамаға сай әрекет еткен полицейдер аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Оларға түсіндірме жұмыстары да жүргізілді. Полиция департаменті қолданыстағы ТЖ режиміне байыпты қарауды және осындай фактілерді болдырмау үшін өз жұмысын атқаратын полицейлерге қатысты арандатушылықтарға жол бермеуді сұрайды. Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу мақсатындағы бөгеттер патрульдеу және…
CaspianLife, 19 сәуір — Бұл жөнінде Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов хабарлады. Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасыларының өтініштерін тәулік бойы қарап жатыр. Қазіргі кезге ауданның 3266 тұрғынынан бір жолғы төлем алуға өтініштер түскен. — Бүгінгі күнге Жылыой ауданының 1866 отбасына 100 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 688,9 млн тенге бір жолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтінімдер қабылдау жалғасуда,-деді А.Мамбетов.
CaspianLife, 19 сәуір. Мен — Амангелді Әбілхасов, қазір Атырау қаласына қарасты Алмалы ауылының тұрғыны, зейнет жасындамын. Кезінде осы ауылдағы совхозда жүк көлігін жүргізіп, Махамбет ауданының, облыстың біраз жерін шарладым. Айтпағым, бүгінде «Атырау-Орал» тас жолының 23-ші шақырымындағы «Ерік» өзені атауы. Ал, оның тарихи атауы басқаша болатын. Жергілікті көзкөрген қариялар бұл маңды Кеңсуат атайтын. Өйткені, шұрайлы өзек өткен ғасырдың бас кезінен қазақтар Үйшік, орыстар Гурьев (Атырау) қаласына аттылы-жаяулы адамдар байдың кіресін, кейіннен колхоздың жүгін тасымалдаған ат, өгіз, түйе жеккен көліктер тоқтап, жолаушылар тыныстап, шай-суларын ішіп, ат-көліктерін суаратын мол сулы жер болған екен. Ол кездерде Жайық өзені жылда тасып, жайылымға шығып, Шодыр көлді…
CaspianLife, 19 сәуір — Тасқын судан зардап шеккен құлсарылықтар жергілікті атқарушы орган тарапынан бағалау жүргізетін мекеменің қорытындысымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз компаниялардың көмегіне жүгінсе болады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты. «Үкімет тарапынан мүлікті бағалауға қатысты нақты бір алгоритм әзірге жоқ. Әдетте әкімдік арнайы тендер жариялап, жеңімпаз компаниямен келісім жасайды. Содан кейін ол объектілердің жағдайына баға беріп, қорытынды шығарады. Мұндай жағдайда тұрғынның көбі әкімдік тарапынан бағалау жүргізетін мекеменің қорытындысымен келіспейді. Сондықтан сотқа жүгінуге құқылы», — деді аймақ басшысының орынбасары Жасұлан Бисембиев.
CaspianLife, 18 сәуір — Атырауға Денсаулық сақтау вице-министрі-бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова іссапармен келді. Ол алдымен Жылыой аудандық орталық ауруханасы мен емханасына бас сұғып, ондағы пациенттермен тілдесті. Айжан Есмағамбетова лас суда болатын микроорганизмдер тарататын инфекциялық аурулардың алдын алу үшін бірқатар ұсыныс айтты. «Аудан орталығын судан тазалау үшін қажетті техника санын көбейту қажет. Өйткені, ауа температурасы көтерілген сайын жұқпалы түрлі ауру пайда болады. Және халық арасында түсінік жүргізіліп, инфекциялық ауруларға қарсы вакцина салыну керек», — деді ол. Ал денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев «тұрғындарға уақытылы медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Шұғыл ота қажет ететін пациенттер мен жүкті әйелдер босануға Бейнеу…
CaspianLife, 18 сәуір — Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Грузия елінің Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек келді,-деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб. Өткен жылдың қыркүйек айында Грузияның Боржоми қаласы Атырау қаласымен бауырластық байланыс орнатқан болатын. Өңірдегі ахуалға байланысты Боржоми муниципалитеті 3 мың бөтелке “Боржоми”минералды суымен гуманитарлық көмек көрсетті.
