Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 23 сәуір — Қазіргі уақытта эпидемиологиялық, оның ішінде ішек инфекциялары бойынша Қызылқоға ауданында жағдай тұрақты. Қызылқоға ауданы әкімдігінің хабарлауынша, тасқын кезінде «Қарасу» жер асты су қорындағы ұңғымаларды су басқан. Сол себепті, уақытша 3 ұңғыма арқылы тұрғындарға берілген ауыз судың сапасын анықтау мақсатында 12 бактериологиялық, 12 санитариялық-химиялық сынама зертханаға жолданған. Нәтижесінде, санитариялық-химиялық сынамадан нормативтік көрсеткіштерге сәйкес лайлылық, түс пен дәмнен сәйкессіздіктер анықталған. Қазіргі таңда, аталмыш кемшіліктер жойылып, Миялы ауылында су үздіксіз беріліп келеді.      «Ауданға келген тасқын судың бөлініп қалған шалшық суларынан А вирусты гепатитіне мен ротовирусты жұқпаларына зерттеуге су сынамасы алынды. Талдау жасалып жатыр»,- деді аудандық санитралық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы…

Read More

CaspianLife, 23 сәуір — Осы мақсатта 17 қауіпсіз аймақ анықталды, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы. Махамбет ауданда 50 мыңға жуық мал бар. Жануарларды тасқын судан қорғау мақсатында 17 қауіпсіз пункт анықталды. Бұл туралы қауіпті аймақтарға жатқызылған аумақтарда егіс жұмыстарымен айналысатын 46 шаруа қожалығының басшыларына алдын ала ескерту берілді, — деді Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаев. Қазіргі уақытта қауіпсіз аймақтарға 4000-нан астам мал айдалды. Маршруттар мен карталар әлеуметтік желілерде жарияланды, оларды ауылдық округ әкімдері аудандық жер қатынастары бөлімімен және ауыл ақсақалдарымен бірлесіп әзірледі. Үй жануарларын көшіру картасы екі бағытта жасақталды, яғни, ені…

Read More

CaspianLife, 23 сәуір —  Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді. Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың өтініштерін тәулік бойы өңдейді. Қазіргі уақытта ауданның 3398 тұрғынынан біржолғы материалдық көмек алуға өтінімдер келіп түсті. — Жылыой ауданынан 3271 отбасына жалпы сомасы 1 267 653 200 тг теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленді. Жергілікті тұрғындардан өтініштер қабылдау жалғасуда, — деді Серік Шәпкенов.

Read More

CaspianLife, 23 сәуір — Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша, 2024 жылғы 23 сәуір сағат 8-дегі жағдай: Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты. Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 288 см, тәулігіне көтерілу +18 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 159 см құрайды. Қиғаш өзені –Котяевка с. су бағанындағы су деңгейі 158 см, тәулігіне +12 см. су тасқыны басталғаннан бастап жалпы көтерілу 148 см құрайды Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су бекетіндегі су деңгейі 177 см, тәулігіне көтерілу…

Read More

CaspianLife, 23 сәуір — Жайықтың жоғары жағындағы Жайық-Орынбор гидробекетінде су деңгейі күн сайын төмендеп келеді. Мұнда бір тәулік ішінде су деңгейі 23 см-ге түсіп, қазір 918 см болып тұр. Қауіпті деңгейден 11 см төмен. 23-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 252 текше метр су жіберіліп жатыр. БҚО-дағы Январцево ауылының тұсында Жайық деңгейі 23-сәуір күні 2 см төмендеді. Ал Орал қаласының тұсында 2, Көшімде 5, Тайпақта 8 см-ге көтерілді. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, қазір 418 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см. Батыс Қазақстан облысы жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында…

Read More

CaspianLife, 22 сәуір — Тасқыннан кейінгі қаладағы суды сору жұмыстарына еліміздің түрлі аймақтарынан қосымша күштер тартылуда: — Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімі, — Маңғыстау облысы ТЖД, — Алматы облысы ТЖД, — Атырау облысы ТЖД «Қазіргі уақытта Құлсары қаласын судан тазарту жұмыстары жалғасуда, оған 7 тіркеме және 21 тасымалданатын мотопомпалар, 1 бірлік ПНС-200, 1 бірлік — СНП-500, 3 бірлік ПНС-110 және 1 бірлік АР-2, 51 вакуум, 3 вакуум «Суперсакер» тартылды. Қазіргі уақытта жіберілетін судың жалпы көлемі 887 219 м3 құрайды, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Read More

CaspianLife, 22 сәуір — Биыл Атырау қаласының әкімдігі маса улау үшін 89 миллион теңгеден астам қаржы қарастырып отыр. Әдетте наурыздың соңы — сәуірдің басында басталып кететін бұл жұмыс биыл әлі қолға алынған жоқ. Қашан басталары да белгісіз. Ал қансорғыштар қалалықтардың мазасын алуға кірісіп кетті. Атырау қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы бөлімінің баспасөз қызметі мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған конкурсқа қатысқан компаниялардың өтпей қалғанын айтты. Өйткені құжаттары дұрыс болмапты. Және әкімдік қойған талапқа сәйкес келмеген. Сол себепті тендер қайта жарияланбақ. Дезинсекция кезінде сертификатталған препараттар пайдаланылып, бұл жұмыс қара күзге дейін жалғасуы қажет.

Read More

CaspianLife, 22 сәуір — 22 сәуір күні жұмысын бастаған кәсіпкерлерге арналған орталықта су тасқынынан келген шығынды өтеу бойынша кеңес беріледі. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады. Кеңес беру орталығы Құлсары қаласында №15 мектеп ғимаратында орналасқан.

Read More

CaspianLife, 22 сәуір — Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Қамысқала ауылдық округінде 32 адамнан тұратын жедел топ құрылған еді. Әрбір топ учаскелерді бөліп алып, ұзындығы 9.2 км бөгет тұрғызуға кірісіп кеткен. Қазіргі негізгі жұмыс бітіп, қапшықтармен бекіту, бөгет үстін тығыздау сияқты жұмыс жасалып жатыр. Қуанғали Нәубетов, жедел топ мүшесі: – Ауылдың төрт мыңдай тұрғыны бар. Соның ішінде 60 өздерінің еріктерімен бөгет тұрғызуға көмектесіп жатыр. Күні бүгін 60 000-дай қапшыққа топырақ қапталып, өзектің бойындағы балдың ішкі жағына соғылып бөгет жасалып жатыр. Оның енді арнайы бөлінген техникалар топырақтан дамба тұрғызылып солай жұмыс жасалып жатыр. 27 техника жұмыс жасауда, аудан көлемінде, облыс көлемінде…

Read More

CaspianLife, 22 сәуір — Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева мәлімдеді. — Исатай ауданында төтенше жағдай кезінде онлайн оқыту нысанында оқу үрдісін ұйымдастыру туралы бұйрыққа сәйкес қазіргі таңда оқу процесі онлайн форматқа көшірілді. Онлайн оқыту барысында Daryn.online, Amansultan платформалары пайдаланылуда. Сонымен қатар ағымдағы бақылаулар мен сынақтар өткізу тоқтатылды, — деді аудандық білім бөлімінің бамшысы Гүлайна Құрманғалиева. Айта кетейік, Исатай ауданы білім бөліміне қарасты 16 мектепте 5229 оқушы білім алады. Оларға 802 педогог дәріс береді.

Read More