Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 24 сәуір — Жергілікті атқарушы органдар, ТЖД күштері, ТШО компаниясының бірлесуімен Жылыой ауданында судан құрғату жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта сорылған судың көлемі 1 413 961 м3 құрайды. Сондай – ақ, 42 үйге дезинфекциялық іс-шаралар — мешіт, Автожолшылар, Тауманов, Ақжар, Қожағұлов, Алдахов, Тайманов, Бекбосынов, Каукаев, Дүйсенбеков көшелеріне жүргізілді.

Read More

CaspianLife, 24 сәуір — Батыс Қазақстан облысы тарапынан келетін үлкен су көлемі Атырауда Жайық өзенінің арнасын мамыр айының басында тасытуы мүмкін. Бұл туралы облыстық жедел штаб жанындағы зерттеуші ғалымдардың жұмысшы тобының өкілі Арман ЖҰМАҒАЗИЕВ мәлімдеді. «Бұрынғы деректерге сүйенсек, Атырау облысына судың көп бөлігі мамыр айының орталарында келген. Бірақ, биылғы жылы Ресей аймағынан су көлемінің көп келуі, көктемгі су тасқынның ерте басталуына себеп болып отыр. Батыс Қазақстан облысы тарапынан төменге аққан су Атырауға шамамен 6-7 күнде келеді. 2-3 мамыр күндері Жайық өзенінің арнасы толады деп күтілуде», дейді ғалым Арман ЖҰМАҒАЗИЕВ. 24 сәуір, 8 сағаттағы мәлімет бойынша, Жайық өзенінің Атырау қаласы гидропостындағы…

Read More

CaspianLife, 24 сәуір — 24 сәуірден бастап, жылыойлықтар су тасқыны кезінде суға кеткен үй жануарлары мен үй құстарының құнын өтеу бойынша өтініштер бере алады. Өтініштер Құлсары қаласы, Жылқышы Ізтұрғанов көшесі №7 ғимарат, 2-ші қатар, 202 кабинетте жұмыс уақытында қабылданады. Ол үшін азаматтар төмендегідей бес құжатты тапсыруы қажет. 1. Өтініш (1- қосымша) 2. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі 3. Шаруа қожалықтары үшін жеке кәсіпкерлік талоны 4. Мал басының тіркелгені немес тіркелмегені жөніндегі дерекқорынан үзінді көшірме, жануарлар Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ақпараттық жүйелері (АШЖБ) дерекқорында тіркелмеген жағдайда 3 куәгердің қолхаты 5. Өлген жануарлар мен құстардың анықталғаны, жойылғаны туралы акт (өлген жануарлар мен…

Read More

CaspianLife, 24 сәуір — Мамандар мұндай амалдың елдімекендерді тасқыннан қорғауға оң ықпал ететінін айтады. «Бүгінгі таңда 12 жыраға, оның ішінде Қарт Жайық, Ойынкөл, Өлішығанақ, Бесағаш, Қоржын, Қосөзек, Жұмай, Бесқала, Алмағамбет т.б. жыраларға су жақсы құйылып жатыр. Судың көп бөлігінің сай-салаларға құйылуы елді-мекендерді су тасқынынан аман алып қалуға көмектеседі. Әзірге судың құрамында орман шаруашылығына кері әсер ететіндей зиян байқалмайды», -дейді Махамбет ауданы «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» мемлекеттік мекемесінің директоры Алтынбек Амангелдіұлы. Орманшылардың айтуынша, соңғы уақытта Атырау облысында су тапшылығының салдарынан орман қорында қурап қалған ағаштардың саны көбейіп кеткен. Сол себепті, қазіргі уақытта Махамбет ауданы орман шаруашылығына қарасты барлық…

Read More

CaspianLife, 24 сәуір — Бүгінде ел аумағындағы су басқан үйлердің 30 пайызына бағалау жұмыстары жүргізілген. Тасқын салдарынан баспанасыз қалған отбасыларды тұрғын үймен қамтуға 200 млрд теңге кетуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. «Бірақ бұл нақты есеп емес. Себебі еліміздің бірнеше өңірінде жағдай әлі де тұрақталмады. Сондықтан кетер шығынды тап басып айту әзірге қиынға соғып тұр», – деді вице-премьер. Бозымбаев 200 млрд кетуі мүмкін деген жорамалдың осы жұмыстардың қорытындысына сәйкес жасалғанын айтты.

Read More

CaspianLife, 24 сәуір — Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 14 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 302 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Волгоград суқоймасынан секундына 25 550 текше метр су жіберіліп жатыр. Жайықтың жоғары жағындағы Жайық-Орынбор гидробекетінде су деңгейі күн сайын төмендеп келеді. Мұнда бір тәулік ішінде су деңгейі 19 см-ге түсіп, қазір 899 см болып тұр. 24-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 192 текше метр су жіберіліп жатыр.  БҚО-дағы Январцево ауылының тұсында Жайық деңгейі 23-сәуір күні 7 смге, Орал қаласының тұсында 2 смге төмендесе, Көшімде 2, Тайпақта 9 см-ге көтерілді. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 4 см-ге…

Read More

CaspianLife, 23 сәуір — Қаңтар мен наурыз аралығында Каспийдің солтүстік және шығыс бөлігіндегі су 29 метрге төмен түсіп кеткен. Мамандар мұндай көрсеткіш көптен бері болмағанын айтып отыр. Теңіз деңгейінің көтерілуіне тасқын су оң әсер еткен. Каспийге құятын Еділ мен Жайықтың суы биыл жылдағыдан көп. Оның ішінде Еділ өзенінің үлесі ерекше көрінеді. Бұл ретте мамандар алдағы жылдары жауын-шашын мол түссе, теңіз кемеріне келетінін айтады. «Негізгі өзен ол — Еділ. Теңіздің деңгейі негізінен сол Еділге байланысты. Ал енді одан кейінгі сатыда Жайық тұр. Биыл Жайықтан түсетін су көп болып жатыр. Содан кейін Еділден келетін су да арта түскен. Оның бір сағасындағы тоғанды…

Read More

CaspianLife, 23 сәуір — Атыраулық экологтар Жайық жағасынан табылған күкіртке ұқсас затты зерттейтін лаборатория іздестіріп жатыр. Экология департаментінің талдамалы бақылау бөлімінің басшысы Сапар Тұрсынбековтың сөзінше видеодағы топырақ Баймұқанов-Мечников көпірінің тұсындағы өзен жағасына «Аламан» базарының артындағы карьерден әкелінген. Сапар Тұрсынбеков, Атырау облысы бойынша экология департаментінің бөлім басшысы: Қарау кезінде нақты сол жерде күкірт тәріздес заттардың анықталғаны белгілі болды. Және де ол топырақтан сол жерден жиналып, арнайы полигонға тапсырылды. Бұдан басқа осы бөгет тасылып жатқан карьерга барып қарау жүргізілді. Ол жерде мұндай заттардың табылмағандығы анықталды. Бұл жөнінде департамент тарапынан полиция департаментіне хат жолданды. Бұның қайдан шыққанын анықтау мәселесі бойынша қазіргі кезде арнайы…

Read More

CaspianLife, 23 сәуір — Сәуір айы басталғалы бері Жайық өзенінен 30 сынама алынды. Атырауқаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Қаламқас Аманжулованың айтуынша, сәуір айынан бері Жайық өзенінен вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық сынамалар алынып басталған. «Тасқын жағдайына байланысты, Жайық өзенінің бірнеше нүктесінен сынамалар алынып отырады. Бұған дейінгі сынамалардан лайлылық, түс пен дәмнен сәйкессіздіктер анықталды. Бірақ, ол жағдайлардың адам денсаулығына зияны жоқ» деді спикер.

Read More

CaspianLife, 23 сәуір — Қазіргі уақытта қарғын су 17 жайылма учаскеде тіркеліп отыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. Махамбет ауданы әкімдігінің мәліметінше, жыл сайын су Жайық өзенінің жайылмасына 9 мамырдан бұрын келмейді. Биыл қарғын су әдеттегіден екі апта бұрын келген. Қарғын су байқалып отырған жайылма учаскелер: 1. Төлеп-Қарасу 2. Қоржын 3. Алмағамбет 4. Өлі шығанақ 5. Гагушкин 6. Қызыл жар 7. 15-ауыл 8. 13-ауыл 9. Петрушкин 10. 12-ауыл 11. 9-ауыл 12. Қарашығанақ 13. Кіші Қарашығанақ 14. 8-ауыл 15. Бақсай 16. Глухой 17. Сборный

Read More