CaspianLife, 25 сәуір — Атырау облысының Индербор кентінде пәтер өртеніп, екі бала мерт болып, екі адам ауруханаға түсті. Полиция қызметкерлері өртке қатысы бар күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды CaspianLife. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. «Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер өртіне байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде пәтер өртіне қатысы бар күдікті ұсталды. Қазір 31 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды. Әйел адамның жағдайы аса ауыр…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 25 сәуір — Жалпы ұзындығы 32 шақырым болатын «Соколок» каналына су келді. 24 сәуір күнгі мәлімет бойынша, каналдағы су деңгейі 5 сантиметрге көтерілген. 108 учаске бойынша жауапты координатор Олжас Сұлтановтың айтуынша, Соколок каналы үлкен көлемдегі суды қабылдауға дайын. «Доссор көпіріне дейін бөгеттер көтерілді. Соколок каналының түбі тереңдетіліп, тазартылды. Ұзындығы 24 шақырым болатын жаңа каналымыз да дайын. Каналдың басты ролі үлкен суды бірінші болып қабылдайды. Және суды қалаға жеткізбей, теңізге бағыттап отырады» деді жауапты координатор Олжас Сұлтанов. Еске сала кетсек, бұған дейін Индер ауданындағы Бағырлай, Махамбет ауданындағы Бақсай каналына су келгенін хабарлаған болатынбыз. 25 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Жайық өзенінің…
CaspianLife, 25 сәуір — Қоғамдық штаб 14 сәуірден бері жұмыс істеп жатыр. Бұл бастама әрбір тұрғынның су тасқынының салдарын жоюға және өңірді қайта қалпына келтіру үшін қажетті қолдау мен ақпарат алуын қамтамасыз етуге бағытталған. Штаб құрамында төрағаны қоса алғанда, 16 мүше бар. Бұдан бөлек халыққа қызмет көрсету орталығы, адвокат, нотариус, сот орындаушылар және банк қызметкерлері тұрғындарға кеңес беру жұмыстарын ұйымдастыруда. Қоғамдық штаб бүгінге дейін 2969 адамның өтінішін қабылдады. Қоғамдық штабта тұрғындар біржолғы материалдық көмек төлеу, тұрғын үйге, мүлікке өтемақы алу, төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту, несие төлеуді кейінге қалдыру, дәрі-дәрмек алу мәселелері бойынша кеңес сұрауда. Құлсары қаласының тұрғындары су тасқынына қатысты…
CaspianLife, 25 сәуір — Қазақстан облысы көлемінде су тасқынына қатысты жағдай тұрақтанып, Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден түсіп келеді. Қызылорда мен Маңғыстау облыстарының Төтенше жағдай департаменттерінің және Қарағанды облысының 52859 әскери бөлімшесінің әскерлері Жайық өзенінің төменгі ағысында орналасқан Атырау облысына көмекке аттанды. Жолға жиналған 281 әскери қызметкерді шығарып салу рәсімінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов қиын сәтте қолдау білдірген әскери мамандарға ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті. Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысы көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілген уақытта өзге өңірлерден әскери құрылымдардың, оның ішінде өзге облыстардан келген Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық Ұланның, Шекара қызметінің жеке құрамдары…
CaspianLife, 25 сәуір — Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 25 сәуір сағат 8-дегі жағдай: Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты болып отыр. Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 310 см, тәулігіне көтерілу +8 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 181 см құрайды. Қиғаш өзені –Котяевка с. су бағанындағы су деңгейі 176 см, тәулігіне +9 см. су тасқыны басталғаннан бастап жалпы көтерілу 166 см құрайды. Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су бағанындағы су деңгейі…
CaspianLife, 25 сәуір — Атырау қаласы аумағындағы Жайық жағалауын бекіту жұмыстары аяқтала келді. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин мәлімдеді,-деп хабарлайды Атырау облысның ТЖ жөніндегі жедел штаб. — Қазіргі уақытта бөгеттердің осал тұстары мен қауіпті деген аймақтарды назарға алып, жағалауларды нығайту үстіндеміз. Жұмыс барысы толық бақылауымызда. Бөгет бекіту жұмыстары кезінде бір күнде 9 мың қала тұрғындары еріктілер қатарына қосылды. Мен осы жұмыстарға ат салысқан қала тұрғындары мен еріктілерге, әскерилерге, мемлекеттік қызметкерлерге алғысымды айтамын,-деді Ш.Кейкин. Айта кетейік, жағалауды бекіту жұмыстарын тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген. Бүгінгі күні жоспар бойынша соғылуы тиіс 250,8 шақырым бөгеттің 229,6 шақырымы аяқталды. Құрылыс…
CaspianLife, 25 сәуір — Бүгін Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 7 см-ге көтеріліп, 604 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 6 см-ге көтеріліп, су деңгейі 721 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 404 см-ге көтерілген. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 8 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 310 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде 2 см-ге төмендеп, 166 см-ді көрсетті. БҚО-дағы Январцево ауылының тұсында Жайық деңгейі 25-сәуір күні 7 см төмендеді. Ал Орал қаласының тұсында 4, Көшімде…
CaspianLife, 24 сәуір — Биыл судың көп келуі балық популяциясына, уылдырық шашу үрдісіне оң әсер етеді. «Ағын көбейген сайын балықтың саны молаяды, сәйкесінше, рұқсат етілген уақытта балық аулауға мүмкіндік болады», дейді «Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Атырау филиалының директоры Ерболат КАДИМОВ. Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты жұмыстары жүргізген зерттеулер нәтижесінде 2019-2022 жылдар аралығында Атырау қаласында су деңгейі өте төмен болған. Бұл жағдайлар балықтың көбеюіне кері әсер еткен. Еске сала кетелік, 24 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Жайық өзенінің Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 422 сантиметрге жетті. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 231 см құрайды.
CaspianLife, 24 сәуір — 23 сәуір күнгі мәлімет бойынша, тасқыннан зардап шеккен азаматтардан 2315 өтініш қабылданып, қазіргі уақытта объектілерді техникалық тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «18 сәуірден бастап залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия жұмысын бастады, азаматтардан өтініштерді қабылдау бойынша 3 пункт жұмыс істеуде. Сонымен бірге, 22 сәуірден бастап нысандары су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге зиянды өтеу жөніндегі консультациялық орталық жұмыс істей бастады. Консультациялық орталық №15 мектепте орналасқан. Бүгінгі таңда барлығы 82 кәсіпкер кеңес алды» делінген Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінде.
CaspianLife, 24 сәуір — Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді. Олжас Бектенов облыс орталығындағы тұрғын үй алаптары бекіністерін тексеру барысында Атырау қаласының су тасқынының болжамды екінші толқынына дайындық жұмыстарымен танысты. Батыс өңірде Ресей Федерациясының Ириклин су қоймасынан судың келуіне байланысты, сондай-ақ Жайық өзеніне құйылар сағадағы ірі тасқын мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бұрын хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысындағы ірі су тасқынынан кейін ағын су өзен арнасымен Атырау облысына қарай жылжып, Каспий теңізіне құяды. Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың…
