CaspianLife, 29 сәуір — Бесікті ауылында жағалауды нығайту жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады. Аталған жұмыстардың кураторы Игілік Әубәкіровтың айтуынша, учаскелердің жалпы ұзындығы 4 430 метр. — Жастарымыздың, студенттеріміздің, жергілікті тұрғындардың еңбегін атап өткім келеді. Жұмыстар аяқтала келді. Көтерілген бөгеттерді қаптармен бекіту үшін 300 метр қалды, — деді Игілік Әубәкіров.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 29 сәуір — Бағалаушы компанияның атқарушы директоры Алмат Байдаулетовтің айтуынша, бағалау қазіргі уақытта судан құрғатылып, кепкен үйлерге жүргізіліп жатыр. «Суда тұрған үйді бағалау қиын. Себебі, ондай үйлерде тасқынның зардабы толық көрінбеуі мүмкін» деді Алмат Байдаулетов. Бағалау жұмыстары тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға жолдаған өтінімі негізінде жүзеге асып жатыр. «Бізге атқарушы органдар өтінімдер тізімін береді. Осылайша, үй иесі, полиция қызметкері және бағалаушы компания өкілдері бірлесіп, үйге бағалау жұмыстарын жүргіземіз. Нысан суретке түсіріледі. Егер үйдің құжаттары болса, үй техникалық паспорт арқылы тексеріледі. Үйдің құжаты болмаған жағдайда, үйдің аумағы қайта сызылады.. Үйге техникалық бағалау жүргізген компания, үйдің жөндеуге келетінін не келмейтіні туралы ұйғарым…
CaspianLife, 29 сәуір — 30 сәуірде су тасқыны кезінде зардап шеккен жылыойлық кәсіпкерлерден өтінім қабылдау басталады. — Су тасқыны салдарынан мүлік иелерін зардап шеккен деп тану бойынша, — Мүліктік шығындарды алдын ала бағалау бойынша. Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09: 00-ден 18: 00-ге дейін. Өтінімдерді қабылдау орны: Құлсары қ., №9 мектеп ғимараты
CaspianLife, 29 сәуір — Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 29 сәуір сағат 8-дегі жағдай Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты. Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 340 см, тәулігіне + 7 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 211 см құрайды. Қиғаш өзені – Котяевка ауылы су бекеті бойынша су деңгейі 211 см, тәулігіне көтерілу + 6 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 201 см құрайды. ⁃ Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су…
CaspianLife, 29 сәуір — Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 29 сәуір сағат 8-дегі жағдай Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді: Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 668 см., деңгейдің +23 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 445 см құрайды. Жайық өзені — Махамбет кенті 754 см деңгейінде, тәулігіне + 11 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 437 см құрайды. Жайық өзені — Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 442 см., тәулігіне +8 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі…
CaspianLife, 26 сәуір — Биыл мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылмайды. Оқу-ағарту министрлігі мұны еліміздегі бірқатар аймақта болған су тасқынына және 25-мамырдың демалыс күнімен сәйкес келуімен түсіндірді. Мамырдың 24-і күні мектептерде түлектер үшін сынып сағаты ұйымдастырылып, оқу жылы қорытындыланады. Атырау облысында биыл 149 мыңнан астам оқушы кезекті оқу жылын аяқтайды. Оның 6000-ға жуығы 11-сыныпты, 13 мыңға жуығы 9-сыныпты бітіргелі отыр. Орынтай Биманова, Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары 11-сыныптың түлектеріне аттестат пен ерекше аттестат тапсыру және Алтын белгімен марапаттау бұл 12-15 маусым аралықтарында өтеді. Яғни, барлық мектептердегі емтихандар аяқталғаннан кейін бітеді. Айта кететін тағы бір жай, 9-11 сынып түлектерінің…
CaspianLife, 26 сәуір — Атырау облысында вирустық инфекциялардың алдын алу үшін балалар мен жасөспірімдер арасында Гепатит А вирустық вакцинасын салу жұмысы 10 мамырға дейін жүзеге асады. Осы орайда Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 18 жасқа дейінгі ересектерге екпе алу қажеттігін ескертеді. «Су тасқынының салдарынан туындайтын түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу үшін халық арасында балалармен қатар ересектерді де екпе алатындар санатына қосып отырмыз. 10-мамырға дейін Гепатит А вакцинациясын алу шарасы жүргізіледі. Қазіргі уақытта екпе алушылар санын есептеп, емдеу мекемелеріндегі вакцинаның қоры толықтырылуда» дейді Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Бекешева. Спикер елімізде Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатқанына байланысты…
CaspianLife, 26 сәуір — Барбастау-Ақжайық-Индер бағыты бойынша су тасқынына байланысты автомобиль қозғалысы жабылды. Қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды жергілікті елді мекендерден алыс жолға ұзап шықпауды сұраймыз. Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
CaspianLife, 26 сәуір — Құлсары қаласындағы дезинфекциялық жұмыстар ең алдымен әлеуметтік объектілерге, яғни, мектеп, балабақша, ауруханаларға жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, судан құрғатқаннан кейін мәйіттердің аумағына жасалады. «Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстау үшін және соған сай шараларды өткізу үшін бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 4 сәуірдегі қаулысы күшіне енді. Қаулыға сай су тасқыны болған өңірлерде аталған шара өтуде. Халықты сапалы сумен қамтамасыз ету мақсатында судың сапасы мен қауіпсіздігіне мониторинг жүргізіліп, су сынамалары алынды. Қазіргі уақытта судың құрамынан ешқандай қауіп анықталмады», дейді Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Бекешева. Судан бөлек, мамандар топырақтың да құрамын тексеріп, бүгінгі таңда санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға сәйкес екенін…
CaspianLife, 26 сәуір — Қазіргі уақытта Қоғамдық штаб жанынан жұмыс істеп жатқан азаматтар тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек үлестіру, несие төлемі уақытын кейінге шегеру, суға кеткен үйлерге бағалау жұмыстарын жүргізу, мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмекке құжаттар жинақтау бойынша кеңес беруде. «Суға кеткен үйлердің ішінде екінші деңгейлі банктерде кепілдікте тұрған үйлер, құжаты жоқ үйлер де бар. Біз қазір осындай үйлерге де бағалау жүргізу бойынша кеңес беріп, тұрғындарға бағыт көрсетудеміз» деді Жылыой ауданының Қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев. 26 сәуір күнгі ақпарат бойынша, Жылыой ауданында 2920 үй және 19 көп пәтерлі тұрғын үй (820 пәтер) суға кеткен. 25 сәуір күнгі мәліметке сәйкес,…
