Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 2 мамыр — Әкімшілік полиция комитеті жол қозғалысы ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістер туралы Ішкі істер министрлігі жобасын жариялады. Ішкі істер министрінің жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығы 25 сәуірде жарияланған және күнтізбелік он күннен кейін – 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі. Құжатта енді «жаяу жүргіншілер өткелі» және «қиылыс» ұғымдары нақтыланып, «жол-көлік оқиғасын оңайлатылған тіркеу» жаңа термині – ішкі істер қызметкерлерінің қатысуынсыз жол-көлік оқиғасы туралы құжаттарды ресімдеу енгізіледі. Яғни, Еурохаттама. Сонымен қатар, ережелер жаңа бағдаршам сигналын — жасыл «+» белгісін қарастырады, бұл «қарсы бағытта келе жатқан көліктер үшін тыйым салатын — қызыл сигнал қосулы болады (бұрын жол ережесінде «қызыл…

Read More

CaspianLife, 2 мамыр — Атырау облысының Полиция департаменті ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді іріктеу жұмысы басталғанын хабарлайды. «Оқуға 16 жастан 25 жасқа дейінгі жастарды шақырамыз. Оқу мерзімі міндетті әскери қызмет өткеруге теңеледі және ішкі істер органдарындағы қызмет өтіліне кіргізіледі. Оқу мерзімі — 4 жыл. Оқу мерзімінде тыңдаушылар тамақпен, киім — кешекпен және стипендиямен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орнын бітірген түлектер міндетті түрде ішкі істер органдарына қызметке орналастырылады», -делінген хабарламада. Қосымша анықтаманы Атырау облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының 98-21-07 телефонына хабарласып немесе №404 қызмет бөлмесіне келіп алуға болады.

Read More

CaspianLife, 2 мамыр — Ташкент қаласында Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжанның энергетика министрлері Каспий теңізінің астымен электр кабелін тарту жобасын іске асыру туралы келіссөз жүргізді. Құжатқа сай, аталған үш мемлекет күн, жел және су электр станциясы сияқты экологиялық таза көздерден өндірілген электр энергиясын өзге елдерге экспорттайды. Ол үшін алдымен Каспий теңізінің астымен жоғары вольтты кабель тарту жоспарланып отыр. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін Каспий түбімен кабель өткізу жобасын іске асыру мақсатында техникалық тапсырма әзірленгенін атап өтті. «Техникалық тапсырма шеңберінде халықаралық трансмиссиялық дәліздерді дамыту және Еуроодақ елдеріне жасыл энергияны сату үшін жобалық бизнес-модель әзірленетін болады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде үш елдің энергетика…

Read More

CaspianLife, 2 мамыр — 2-мамырда Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 32 см-ге көтеріліп, 750 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 16 см-ге көтеріліп, су деңгейі 795 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 8 см-ге көтеріліп, қазір 459 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 5 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 359 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде 4 см-ге төмендеп, 146 см-ді көрсетті. Орал қаласының тұсында Жайық деңгейі 1-мамыр…

Read More

CaspianLife, 30 сәуір — «Ұлттық куәландырушы орталық» 2024 жылға жоспарланған өзгерістерімен бөлісті. Оның ең бастысы – ЭЦҚ кілті баяғыдай екі бөліктен тұрмайды, біріздендіріледі, – деп хабарлайды CaspianLife. Бұған дейін шығарылған ЭЦҚ кілттері мерзімі аяқталғанша әрекет етеді, оны міндетті түрде ауыстырудың қажеті жоқ. «Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 маусымдағы №727 «Қазақстан Республиасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республиасы ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер күшіне енуіне сәйкес (2023 жылғы 1 желтоқсанда №595/НҚ қабылданды), 2024…

Read More

CaspianLife, 30 сәуір — Бүгінде жоспарланған 250,8 шақырым бөгеттің 243,6 шақырым қорғаныс бөгеттері салынды, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы. Жағалауды нығайту жұмыстарына 444 бірлік техника, 809 ұйым қызметкері және 1774 ерікті жұмылдырылды. Еріктілер қатарында бөгеттерді тұрғызуға Беғалы Меңдіғалиев та қатысты. Егде тартқан жасына қарамастан, ақсақал қапшықтарды құммен толтырып, бөгет нығайту жұмыстарына атсалысты. Жергілікті тұрғынның айтуынша, олар еріктілермен бірге күніне 6000 мыңға жуық қапты дайындап, бөгет нығайтуда.

Read More

CaspianLife, 30 сәуір — Бүгін Жылыойда кәсіпкерлерден өтінім қабылдау басталды. Оған сәйкес, мүлік иесін «су тасқыны салдарынан зардап шеккен» деп тану және мүліктік шығындарды алдын ала бағалау комиссиясы құжаттар қабылдайды. «Тасқын салдарынан Жылыой ауданында 200-ге жуық бизнес субъектілері зардап шекті. Жақында кәсіпкерлер үшін Атырау облыстық кәсіпкерлік басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлескен жиын өтті. Бұл жерде мәселелерді қарау, бағалау тәртібі және шығынды өтеу тәртібі басқаша жүреді. Кәсіпкерлердің шығынын өтеу мәселесі арнайы өңірлік комиссияда қаралады» деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов. Еске сала кетсек, кәсіпкерлерден өтінім қабылдау Құлсары қаласындағы №9 мектеп ғимаратында 09:00-18:00 аралығында қабылданады.

Read More

CaspianLife, 30 сәуір — Тасқын судың салдарын жою үш бағытта, су сору, дезинфекция, бүлінген инженерлік-коммуникациялық жүйелерді қалпына келтіру бағыттарында жүріп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, Құлсары қаласында барлығы 1821 үйде судан құрғату жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта 200-ден астам адам, 69 техника жұмылдырылуда. Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша, су басқан аумақтарды құрғату жұмыстары үзіліссіз жалғасуда. «Су басқан аумақтарға дезинфекция жасаумен қазіргі таңда екі компания айналысып жатыр. Залалсыздандыру жұмыстары тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік нысандарға, қоғамдық орындарға жасалуда. Тасқыннан зардап шеккен 2920 үй толықтай залалсыздандырылады. Бүгінгі таңда мыңнан астам абонентке ток көзі, газ берілді» деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.

Read More

CaspianLife, 30 сәуір — Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 30 сәуір сағат 8-дегі жағдай: Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты. Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 344 см, тәулігіне көтерілу + 4 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 215 см құрайды. Қиғаш өзені –Котяевка с. гидропосты бойынша су деңгейі 215 см, тәулігіне көтерілу + 4 см. Су тасқыны басталғаннан бастап жалпы көтерілу 205 см құрайды. ⁃ Шароновка өзенінің гидропосты — Ганюшкино ауылы…

Read More

CaspianLife, 30 сәуір — Бүгін Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 25 см-ге көтеріліп, 693 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 10 см-ге көтеріліп, су деңгейі 764 см-ді көрсетіп тұр. Қауіпті деңгей 850 см. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 4 см-ге көтеріліп, қазір 446 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 4 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 344 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде 3 см-ге төмендеп, 150 см-ді көрсетті. БҚО-дағы Январцево ауылы мен Орал қаласының…

Read More