Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 4 мамыр — Жайық суы 4-мамыр күні Тайпақта 52 см-ге көтеріліп, қауіпті деңгейден асып кетті. Ал Индербор кентінің тұсында 32 см-ге көтеріліп, 8 метр 20 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см. Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 16 см-ге көтеріліп, су деңгейі қазір 828 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгейге дейін 22 см қалды. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 8 см-ге көтеріліп, қазір 479 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 4 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 367 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр. 4-мамыр күні Иреклі суқоймасынан секундына…

Read More

CaspianLife, 3 мамыр — Индер ауданында Жайық өзені деңгейінің жоғарылауы байқалады, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы. Су тасқынының алдын алу мақсатында шаруашылығы Жайық өзенінің жағасында орналасқан қожалықтардың иелеріне және жеке тұлғаларға қолдағы малды қауіпсіз жерге айдау туралы ескерту берілді. -Ірі және ұсақ малдарды Атырау — Орал және Атырау-Индер тас жолының бойындағы биік жерлерге айдау ұсынылады. Малдарды көшіруге арналған орындарды Индер ауданының әкімдігі белгіледі, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. Айта кетейік, қазіргі уақытта Индер ауданы бойынша барлығы 1479 бас мал қауіпсіз жерге айдалды.

Read More

CaspianLife, 3 мамыр — Тасқынның алдын алу мақсатында кезекшілік бекеттер тәулік бойы су деңгейін бақылап, қорғаныс дамбаларының бойында сақтық шараларын күшейтуде. Жайық бойын жағалай орналасқан ауылдардың барлығында қазір тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылып жатыр. «Қазіргі уақытта келіп жатқан су алдын — ала тазартылып дайындалған каналдарға жіберіліп жатыр. Бөгеттер ашылды. Келген су көлдерге, сай салаға құйылуда. Әзірге, Жайық өзеніндегі жағдай қалыпты, су қатерлі деңгейге жете қоймады. Бірақ, судың үлкен көлемі алдағы күндері келеді деп күтіп отырмыз» . Еске сала кетелік, Махамбет ауданында 21 елдімекен бар. Оның ішінде, Жайық бойын жағалай орналасқан елдімекендер саны 18. Қазіргі уақытта ол аумаққа 105 шақырым болатын дамбы…

Read More

CaspianLife, 3 мамыр — Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің мүлкін бағалау жұмыстары жалғасуда. 3 мамыр күнгі мәлімет бойынша, тұрғындардан 2733 өтініш түскен. Жылыойда тасқыннан зардап шеккен техникалық тексеру және бағалау жұмыстарымен айналысуға 40-тан астам техникалық маман тартылған. Олар бағалау жұмыстарын демалыссыз жүргізуде. 26 сәуірден бастап бүгінге дейін 867 нысан техникалық тексеруден өтті, бұл жұмыстар 15 мамырға дейін аяқталады. Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары басталғалы бері 3,5 миллион текше метр су шығарылып, жұмысқа 2700-ге жуық адам мен 125 бірлік су соратын техника жұмылдырылды. 3 мамырдағы жағдай бойынша, 2704 нысан судан толығымен құрғатылып, бұл жұмысқа 2800 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар Жылыой…

Read More

CaspianLife, 3 мамыр — Махамбет ауданындағы жедел штаб күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Өйткені, Жайық өзенінің деңгейі күннен күнге көтеріліп келеді. Аудан басшысы Қайрат Нұрлыбаев штабтың кезекті отырысын өткізіп, тасқынға қарсы жасалып жатқан іс-шараны тағы бір пысықтады. Ауданда жағалауды нығайту жұмысы толығымен аяқталған. Жоспарланған 65,5 шақырым бөгет соғылды. Олардың орташа биіктігі – 2,5 м. Қайрат НҰРЛЫБАЕВ, Махамбет ауданының әкімі: -Әзірге критикалық деңгейге жете қойған жоқ. Бірақ біз күн сайын суды бақылап, тиісті шараларын алып отырмыз. Күндізгі-түнгі кезекшіліктер ұйымдастырылған. Махамбет ауылының өзінде 40-тан аса пост бар. Жалпы барлық ауылда күндіз-түні кезекшіліктер ұйымдастырылуда, деді. Қазіргі уақытта аудандағы төрт түлік қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.…

Read More

CaspianLife, 3 мамыр — Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 3 мамырда сағат 8-дегі жағдай Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:   Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 788 см., деңгейдің +38 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 565 см құрайды. Жайық өзені – Махамбет кентінің деңгейі 812 см., деңгейдің тәулігіне + 17 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 495 см., қауіпті деңгейге дейін 38 см қалды. Жайық өзені — Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 471см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 12…

Read More

CaspianLife, 3 мамыр — Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді. Еліміздің бірқатар аймақтарында су тасқынан зардап шеккен қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде. ҚР Үкіметі тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. ​Кейінге қалдыру наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады. Су тасқынынан зардап шеккен тұтынушылардың тізімін (абоненттік нөмірлер) жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады. Бұл тізімдер коммуналдық кәсіпорындарға жіберіледі, олар өз кезегінде коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру бойынша тиісті шараларды қабылдайды. Сұрақтар туындаған жағдайда тұтынушылар ҚР ҰЭМ ТМРК-нің тиісті аумақтық департаментіне төмендегі нөмірлер бойынша хабарласулары қажет: – ҚР ҰЭМ ТМРК Ақмола облысы бойынша департаменті: 8…

Read More

CaspianLife, 2 мамыр — Индер ауданының аумағында Жайық өзенінің бойында көктемгі су тасқыны кезінде өзеннен келетін суға толатын 21 жайылма учаскелері (тоғандар) бар. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (ЖҚМБИР) Индер бөлімшесінің бас маманы Серікқали Дәуленовтың айтуынша, жиырма жылдан астам уақыттан бері (1997 жылдан бері) бұл тоғандарға су толмаған. Мәселен, соңғы бірнеше жылда тасқын судан тек 18 тоғанға өзен суы құйса, қалған үш су қоймасы өзен деңгейінің төмендеуіне байланысты құрғап қалды. Бүгінде 21 тоғанның барлығына су ағып жатыр және олар тола бастады. Судың көп келуіне байланысты Индер ауданы балық инспекциясының қызметкерлері су тасқыны кезіндегі су ағынының жағдайына мерзімді түрде мониторинг…

Read More

CaspianLife, 2 мамыр — Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС зауытында өндірілетін полипропленнің қатары (KPI, «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорны) PP H250 GP/7 және PP H253 FF/7 деп аталатын жаңа екі сортпен толықты. Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстандағы тұңғыш газ-химия кешені полипропиленнің мақсатты 9 маркасын сатылымға шығарды. РР Н250GР / 7-стандартты молекулалық-массалық таралуы бар пропилен гомополимері. Өнім жоғары сұйықтықпен, тұрақтандыру формуласының оңтайлы құрамымен және теңдестірілген физика-механикалық сипаттамаларымен сипатталады. РР Н250GР / 7-инъекциялық әдістерімен өнімдерді өндіруге арналған. Аралас композициялар алу үшін қолданылады. PP H253FF/7 стандартты молекулалық салмақты үлестіретін пропиленді гомополимер. Өнім материалдың қоршаған орта әсерлеріне төзімділігі, теңдестірілген физикалық-механикалық сипаттамаларды қамтамасыз…

Read More

CaspianLife, 2 мамыр — Оқиға кеше түнде болған, деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі. «Атырау қаласында 1 мамыр күні түнгі сағат 3:40 шамасында Жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің жеңіл дәрежелі мас екені анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, -делінген хабарламада.

Read More