Автор: Сайт әкімшілігі

10 мамыр. Caspian Life. Махамбет және Сарытоғай ауылы арасындағы көлік қатынасы қалпына келтірілді. Екі елдімекен арасындағы тас жол кеше ағыс қатты болған соң уақытша жырылған еді. Мұндай шешімді ТЖ жөніндегі штаб өкілдері қабылдаған. Ауыларалық жол бұзылған соң ол жерге ұзындығы 11 метр, диаметрі 1,5 метрлік 2 құбыр салынды. Және жан жағы құм толтырылған қапшықтармен нығайтылды. Махамбет ауылдық округі мен Сарытоғайды қосатын жолдың ұзындығы – 5 шақырым. Қос ауылда 13 мыңға жуық адам тұрады. Руслан ӘЖЕНОВ, Махамбет ауылдық округінің әкімі — Осыған байланысты құрметті ауыл тұрғындары6 сіздерден сұрайтынымыз балаларыңызға, өздеріңіздің қауіпсіздігіңізді сақтау мақсатында тасжолмен өткен уақытта қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын. Қазіргі…

Read More

10 мамыр. Caspian Life. Жалғансай ауылындағы мектеп жанындағы эвакопункт 100 адамға дейін қабылдай алады.   Орта мектепте әйелдерге, балаларға және қарттарға арналған орындар дайындалды, — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. Жалғансай ауылдық мектебі директорының міндетін атқарушы Үздік Жиенғалиеваның айтуынша,  эвакопунктте қажетті заттар, су және жеке гигиена құралдарының қоры дайындалды. Сондай-ақ, мектептің медициналық пункті бар, онда қажетті дәрі-дәрмектер де жиналған. Еске сала кетейік, Махамбет ауданында тұрғындарды эвакуациялау үшін 22 пункт дайын тұр.  Ауданға қарасты 21 елдімекеннің  18-і Жайық өзенінің жағалауында орналасқан.

Read More

CaspianLife, 8 мамыр — Атырау- Орал тас жолынан Индербор кентіне дейінгі 7 шақырым кірме жолдың қазіргі жағдайы: Жолдың екі жағында жайылмаға шыққан су. Асфальт үстінде жаңбыр суы. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өр суының асфальтты басу қаупі болғандықтан кеше жолдың екі жағына топырақ төгіліп, бөгет тұрғызылған. Жағдай бақылауда.

Read More

CaspianLife, 6 мамыр — «Қазсушар» мекемесінің Индер өндірістік бекетінің өкілі Сұңғат Есенжанұлының айтуынша, мұндай көлемдегі мол су соңғы он жылда болмаған. «Орал өңірінен бастау алатын каналдың ұзындығы 105 шақырымды құрайды. Каналға бұған дейін Жайық өзенінен екі насоспен су айдалып келген болатын. Қазір Орал бағытынан мол судың келе бастауына байланысты, Бағырлай арнасы табиғи жолмен суға тола бастады деді Сұңғат Есенжанұлы. Индер ауданындағы «Бағырлай» каналы бойындағы суды тұрғындар ауылшаруашылығы мақсатында қолданып келеді.

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Махамбет ауданында халықты эвакуациялау жағдайына 22 пункт дайындалды, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб. Сарайшық ауылындағы эвакуациялық пункт Қ. Қарашаұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында ашылды. 10 сәуірде су тасқынына қарсы іс-шараларға байланысты Махамбет ауданының барлық мектептері онлайн оқыту форматына ауыстырылды. 11 сәуірде аталған мектепте су тасқыны жағдайында халықты қабылдауға эвакуациялық пунктті дайындау басталған болатын. — Халықты эвакуациялау кезінде біздің пункт 250-ден 300 адамға дейін қабылдай алады. Қорда қажетті заттар, су, дәрі-дәрмектер мен жеке күтім құралдары бар, — деді Қ. Қарашаұлы атындағы орта мектеп директоры Дания Сабырова. Айта кетейік, 2024 жылғы 6 мамырда таңертең Жайық…

Read More

CaspianLife, 6 мамыр — Жайық өзеніндегі су деңгейінің 2024 жылғы 6 мамыр сағат 08.00 жағдай ⁃ с. Индербор + 32 см, су деңгейі — 884 см, қауіпті деңгейі — 845 см; ⁃ с. Махамбет + 15 см, су деңгейі — 861 см, қауіпті деңгейі — 850 см; ⁃ Атырау қ. + 7 см, су деңгейі — 496 см, қауіпті деңгейі — 550 см. ⁃ Жаңаталап ауылы + 7 см, су деңгейі — 356 см, қауіпті деңгейі — 500 см; — с. Еркінқала + 7 см, су деңгейі — 316 см, қауіпті деңгейі — 450 см.

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Энергетика министрлігінің мәліметінше, тыйым тағы алты айға ұзартылады. Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы 2024 жылы 2 мамырда бұйрық шыққанын хабарлады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу ұзартылып отыр. Бұйрық 2024 жылдың 14 мамырынан бастап күшіне енеді. Бұған дейін Қазақстанда мұндай тыйымды ұзарту жоспарланып отырғаны хабарланған болатын. Айта кету керек, тыйым барлық экспортқа әсер етеді: -өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарт шеңберінде өндірісті жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуі; -Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық…

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Олар енді Оңтүстік Кореяда 3 жыл, АҚШ-та бір жыл білім алады. Атыраудағы NIS мектебінің 12-сынып оқушылары Темірлан Губашев, Мөлдір Сәлім және Айсұлтан Жұмабай SUNY Korea университетінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Айсұлтан мен Темірлан Оңтүстік Корея Президентінің грантын иеленіп, толықтай тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Олар енді Оңтүстік Кореяда 3 жыл, сондай-ақ, АҚШ-та бір жыл білім алады. Аталған оқу орны 2024 QS World University рейтингі бойынша әлемнің үздік 400 университетінің қатарына кіреді. Сонымен қатар, Темірлан Губашев пен Сәлім Мөлдір «Constructor» University , «Luiss» University және «Drexel» университеттеріне де шақырту алды.

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Бұл жөнінде Сарайшық ауылдық округының әкімі Жаннат Кенжеғалиева хабарлады. Бүгінгі күнге Сарайшық ауылындағы жағалау бекіту жүмыстары 100% аяқталған. Қорғаныс бөгеттерінің  жалпы ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. Олардың 5,4 шақырымы ескі жалдар болса, 8,2 шақырымы жаңадан салынған. — Барлық ескі қорымдар мен Сарайшық қалашығындағы археологиялық қазба орындары биіктігі 2,5 м дамбамен қорғалған. Сарайшық сапар-орталығының айналасындағы қорғау қоршауы да жаңартылды,-деді Ж.Кенжеғалиева.

Read More

CaspianLife, 4 мамыр — Бүгінде ауданда азық-түлік тауарларын сататын 126 орын жұмыс істейді. «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен шарт бойынша «Лидер» сауда желісінің нүктелері арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 17 түрі сатылады. «Атырау» ӘКК » АҚ арқылы облыстық тұрақтандыру қорынан «Лидер» сауда желісіне және «Дәулет нан»ЖШС-на мемлекеттік субсидиялар бөлініп отыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 2024 жылға кәсіпкерлік субъектілерімен 8 меморандум жасалды. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Индербор кентінде 30 тоннаға арналған көкөніс қоймасы жұмыс істейді. Тұрақтандыру қорында 21 атау бойынша 16 тонна әлеуметтік маңызы бар өнімнің қоры жасалған.

Read More