Автор: Сайт әкімшілігі

Жайық өзеніндегі су деңгейінің 2024 жылғы 14 мамыр сағат 12.00-ге өзгеруі (сағат 08.00-дегі мәліметпен салыстырғанда): ⁃ с. Индербор + 0 см, су деңгейі — 1041 см, шекті деңгейі — 845 см; ⁃ с. Махамбет + 1 см, су деңгейі — 981 см, шекті деңгейі — 850 см; ⁃ Атырау қ. + 1 см, су деңгейі — 552см, шекті деңгейі — 550 см; ⁃ Жаңаталап ауылы + 7 см, су деңгейі — 398 см, сыни деңгейі — 500 см; — с. Еркінқала + 5 см, су деңгейі — 356 см, шекті деңгейі — 450 см.

Read More

—   Көктем келісімен көбіміз қайта-қайта түшкіріп, көзіміз жасаурап жүретіні белгілі. Яғни аллергиямен ауыра бастаймыз. Бұған көп жағдайда өсімдіктер себепкер болып жатады. Мамандардың айтуынша біздің өңірде  аллергияны қоздыратын бірқатар өсімдік бар. Ол жусан, ойраншөп, ебелек, мортық, алабота.  Маусымдық аллергия — бұл өсімдіктердің гүлденуіне және тозаңдануына организмнің реакциясы. Халық арасында оны шөп безгегі деп те атайды. Бірінші кезеңі наурыз бен мамыр айында ағаштар гүлдегенде, екіншісі маусым мен шілде айының аралығында көкорай шалғынға, ал тамыз бен қыркүйекте арамшөп атаулы тозаңданған кезде аллергия күшейеді. Аллерголог Гаухар Сембаеваның  сөзінше, аллергиктер саны жыл өткен сайын көбейіп барады. Ал оны емдеуді тек ауырып, өзіңді жайсыз сезінген кезде…

Read More

Жайық өзені 14-мамыр күні Индербор кентінің тұсында 3 см-ге көтеріліп, 10 метр 41 см-ге жетті. Қауіпті деңгейден 196 см асып тұр. Махамбет ауылы маңында  Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 14 см-ге көтеріліп, су деңгейі қазір 980 см-ді көрсетті. Мұнда да сол – қауіпті саналатын көрсеткіштен 130 см асып кетті. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, қазір 551 см-ге жетті. Қауіпті деңгейден 1 см асып тұр. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі бір тәулік ішінде 3 см-ге төмендеп, қазір 369 см боп тұр. Қауіпті деңгей 5 метр. Қиғаш-Бөкейхан бекетіндегі су деңгейі де 3 см-ге төмендеген. БҚО-дағы Тайпақ ауылының…

Read More

Көлікті жалған техникалық байқаудан өткізгендерге салынатын айыппұл мөлшері 36 920 теңгеден 369 мың теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, көліктің техникалық жағдайына бей-жай қарау жол апатына себепші болады. Атырауда 39 техникалық байқау операторы тіркелген. Олар жыл басынан бері 20 мыңнан астам көлікті тексеріп, оның 200-інен түрлі кемшілік анықтаған. Алайда, талапқа бағынбай, автокөліктің жағдайы дұрыс болмаса да, техникалық байқаудан өтті деген құжатты оңды-солды беретіндер бар. Атырауда жыл басынан бері осындай 4 кәсіпкер жауапқа тартылып, оларға 73 840 тг көлемінде айыппұл салынған.   Заң жобасында аталған бұзушылықты бір жыл ішінде қайталаған кәсіпкерді қызмет көрсету құқығынан 3 жылға…

Read More

Жайық өзені 13-мамыр күні Индербор  кентінің тұсында 5 см-ге көтеріліп, 10 метр 38 см-ге жетті. Қауіпті деңгейден 193 см асып тұр. Махамбет ауылы маңында  Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 11 см-ге көтеріліп, су деңгейі қазір 966 см-ді көрсетіп тұр. Мұнда да сол – қауіпті саналатын көрсеткіштен 116 см асып кетті. Қауіпті деңгей 850. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 7 см-ге көтеріліп, қазір 545 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгейге дейін 5 см қалды. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі бір тәулік ішінде 4 см-ге төмендеп, қазір 372 см боп тұр. Қауіпті деңгей 5 метр. Қиғаш-Бөкейхан бекетіндегі су деңгейі де 4 см-ге…

Read More

Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылы қазір су қоршауында тұр. Әсіресе соңғы үш-төрт күнде мол келген су жеке шаруа қожалықтарына тиесілі жерді басып кеткен. Бір жақсысы — ауыл айналасындағы бөгет аман-сау. Бірақ қауіп жоқ емес. Өйткені жалғыз кірме жолдың жағдайы нашар. 1200 тұрғыны бар ауылдың іші қазір тып-тыныш. Көбі алыс-жақындағы ағайындарына кеткен. Ал қалғандары өр суын бақылап, күні-түні кезекшілікте жүр. Ауылды қоршай 3 шақырым бөгет соғылған. Бүгінде оны қосымша бекіту жұмысы жүріп жатыр.

Read More

10 мамыр, Caspian Life. Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань» автомобиль жолының 616-833 шақырымының Ресей Федерациясына дейінгі учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады.  Бұл учаскедегі жұмыстар 2018 жылы басталды. Бүгінгі күні 60 шақырым жол аяқталып, қолданысқа берілді. Қазіргі таңда қалған 217 шақырым жолда қайта жаңару (616 шақырымнан 833 шақырымға дейін) атқарылуда. Жобаның халықаралық стандарттарға сәйкес орындалуына байланысты, жергілікті компаниялармен қатар, Италия, Түркия және Әзербайжан елдерінің компаниялары да қатысып жатыр. Биыл су тасқынына қарамастан, мердігер компаниялар жұмысқа қарқынды түрде кірісіп кетті. Қазіргі уақытта жобаға 400-ге жуық арнайы жөндеу-құрылыс техникасы мен 650 аса жұмысшылар жұмылдырылды. Былтыр 616-833…

Read More

Қырғызстанда жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша сот процесін жұртшылық жіті бақылап отыр. Бұл оқиға Қазақстанда да, Қырғызстанда да өзекті болып отырған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің жарқын мысалы болды. Бұл туралы «Тандем» заң қоғамдастығының директоры, заңгер, Қырғыз Республикасының қоғам қайраткері Тәттібүбү Эргешбаева мәлімдеді. Оның айтуынша, қайғылы оқиға адамдардың әлеуметтік жағдайы мен материалдық әл-ауқатына қарамастан зорлық-зомбылық құрбаны бола алатынын көрсетті. Осы орайда, қазір Қазақстанда өтіп жатқан Бишімбаевтың ашық сот отырысы Қазақстан үшін ғана емес, жалпы Орталық Азия мемлекеттері мен ТМД үшін жарқын үлгі бола алады. «…Сот отырысын ашық өткізу – адам құқықтарын қорғау қызметі мен сот төрелігі…

Read More

10 мамыр, Caspian Life. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин, Миялы, Тасшағыл ауылдық округтерінің әкімі сайланды. Бұл туралы Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мәлімдеді. Ал Миялы ауылдық сайлау округі бойынша 4772 сайлаушының 2754-і дауыс берген. Нәтижесінде, 2002 дауыспен «Жангелдин ауылдық округі әкім аппараты» ММ-нің әкімі Аманкелді Бағдаров жеңіске жетті. Сондай-ақ, Тасшағыл ауылдық сайлау округі бойынша 1043 сайлаушының 751-і дауыс берді. Қорытындысында 543 дауыспен «Тасшағыл ауылдық округі әкім аппараты» ММ-нің әкімі Гүлшара Ізімова бекітілді.

Read More

10 мамыр. Caspian Life. Маңғыстаулық және атыраулық шекарашылар Каспий теңізінде рейд жүргізіп, шекара тәртібін бұзған 52, аумақтық және ішкі суларда жүріп-тұру ережесіне мойынұсынбаған 77 адамды ұстады. Олардан 54 жүзу құралы, жалпы ұзындығы 245 шақырым болатын ау-тор тәркіленді. Нәтижесінде заң бұзғандарға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 6 миллион теңге айыппұл салынды. Браконьерлерден алынған 63 итбалық пен 1226 бекіре тұқымдас балық табиғи ортасына жіберілді. Олардың жалпы салмағы 6 тонна шамасында. Мемлекетке келген шығын 2, 3 миллиард теңгеден асады.

Read More