Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 17 мамыр — Оқиға орнынан жағдайды баяндаған Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың хабарлауынша, «Атырау — Индер» тас жолының 27-шақырымында шұғыл қалпына келтіру жұмыстары жүруде. «Талдыкөл ауылын газбен қамтамасыз етіп тұрған құбырының айналасына өр суы таралып, салдарынан топырақ пен трасса опырылып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбырының бүлінуі, газ тарау фактілері тіркелген жоқ. Атырау облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандары қазіргі уақытта жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 4 арнайы техника, 15 маман жұмылдырылды. Жол бүгін, яғни, 17 мамыр кешкі уақытына дейін толық қалпына келтіріледі» деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов. 27-28 шақырым аралығында автокөлік жүргізушілеріне айналма…

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Жайық өзені 17-мамыр күні Индербор кентінің тұсында 5 см-ге төмендеп, 10 метр 30 см-ді көрсетті. Бірақ шекті деңгейден әлі де 185 см асып тұр. Ал Махамбет ауылының маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 5 см-ге көтеріліп, 10 метрге жетті. Қауіпті саналатын межеден 150 см асып кетті. Облыс орталығы — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір күн ішінде 3 см-ге көтеріліп, қазір 560 см болып тұр. Қауіпті деңгейден 10 см асқан. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі 2 см-ге төмендеп, қазір 361 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Қиғаш-Бөкейхан бекетіндегі су деңгейі бір тәулікте 1 см-ге төмендеген. Қазір…

Read More

CaspianLife, 16 мамыр — Өңір басшысы Құлсары тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-талаптарын тыңдап, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб. Облыс әкімі Серік Шәпкенов апатты тұрғын үйді өтеу туралы ұсыныстарды тыңдап, мүлкі апатты деп танылған зардап шеккендерге өтемақы нарық құны бойынша төленетінін, Құлсары қаласы бойынша зардап шеккендердің арнайы нысаналы шоттарына шамамен 200-240 мың теңге төленетінін хабарлады. Атырау облысы әкімінің айтуынша, су тасқыны кезінде зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары ақшалай өтемақыларды нысаналы мақсаты бойынша — жаңа тұрғын үй сатып алуға, тұрғын үй салуға немесе жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына жұмсауға тиіс. «Қазір бірінші кезекте су…

Read More

CaspianLife, 16 мамыр — Индер ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жалпы ұзындығы 7 шақырым болатын Индербор кентіне кірме жолды қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталуда. Судың өз ағынымен кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін, диаметрі 720 мм болатын құбырлар салынып, инертті материалдар төгілуде. Кірме жолды 16 мамыр күні кешкілік ашу жоспарланып отыр.

Read More

CaspianLife, 16 мамыр — Бүгін еліміздің 14 аймағы үшін негізгі ҰБТ басталды, тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады. Ал су тасқыны болған 6 өңірде ҰБТ 25 мамырда басталады. Атап айтқанда, төтенше жағдай режимі жарияланған Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелу уақыты 20 мамырға дейін ұзартылды, ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі. «Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырушылар саны 20 мыңға артқан, оның бір себебі – елімізде демографияның өсуі болса, екінші себебі – жұртшылықтың тестілеуге сенімінің артуы. 2023 жылы 162 мың талапкер ҰБТ-ны 291 мың рет тапсырған еді. Ал биыл 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірген.…

Read More

CaspianLife, 16 мамыр — Жайық өзені 16-мамыр күні Индербор кентінің тұсында 4 см-ге төмендеп, 10 метр 35 см-ді көрсетті. Бірақ шекті деңгейден әлі де 190 см асып тұр. Ал Махамбет ауылының маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 7 см-ге көтеріліп, 995 см-ге жетті. Қауіпті саналатын межеден 145 см асып кетті. Облыс орталығы — Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір күн ішінде 4 см-ге көтеріліп, қазір 557 см болып тұр. Қауіпті деңгейден 7 см асқан. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі 1 см-ге төмендеп, қазір 363 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Қиғаш-Бөкейхан бекетіндегі су деңгейі өзгеріссіз — 228 см.

Read More

Еліміздің бірқатар аймағында түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді 25-мамыр мен 12-шілде аралығында екі рет тапсырады. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облысындағы 11-сынып оқушыларына су тасқынына байланысты осындай мүмкіндік беріліп отыр. ҰБТ-ның екінші легіне тіркеу басталып кетті. Түлектер 20-мамырға дейін тест тапсыратын күн мен орынды өзі белгілеуі тиіс. Жергілікті білім басқармасы өкілінің дерегінше, биыл облыста 5800-ге жуық оқушы 11 сыныпты тәмамдайды. Оның 96 пайызы тестілеуге қатысқалы отыр. Орынтай БИМАНОВА, Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары  Қаңтар айында қалыпты жағдайда өткендігін білесіздер. ҰБТ-ға балаларымыз қатысты. Енді ол коммерциялық негіздегі оқу орындарына түсуге арналған. Балалар үшін өте тиімді. Себебі…

Read More

Биыл жоспар бойынша Атырау қаласы мен ауылдық округтердегі 55,5 шақырым жол жөнделмек. Барлығы 68 жол кеңейтіліп, түрлі деңгейдегі жөндеу жұмысы жасалады деп мәлімдеді әкімдік өкілі Қуанышбек Қабдіғалиев. Оның айтуынша, кей көшелерде жұмыс басталып кеткен. Мәселен, Нұрсаядағы Тұяқберді Шәмелов көшесі және Сарықамыс-2дегі Сатыбалдиев көшесінен Нұрсая-3 ықшам ауданына дейінгі жол құрылысы қолға алыныпты. Одан бөлек, Молдағалиев, Молдағұлова көшесіне орташа жөндеу жасалып жатыр. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде ауыр жүк көліктері әрлі-берлі жүріп, қала аумағындағы жолдар бүлінді. Әкімдік оны да қалпына келтіреміз деп отыр.   Жауаптылар асфальтпен бірге жарық бағандары мен аялдамаларды да орнатамыз дейді. Сондай-ақ, арықтар салу да жоспарда бар екенін…

Read More

Жайық өзені 15-мамыр күні Индербор кентінің тұсында 2 см-ге төмендеп, 10 метр 39 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгейден 194 см асып тұр. Махамбет ауылы маңында  Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 8 см-ге көтеріліп, су деңгейі қазір 988 см-ге жетті. Қауіпті саналатын межеден 138 см асып кетті. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 2 см-ге көтеріліп, қазір 553 см-ге жетті. Қауіпті деңгейден 3 см асып тұр. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі 5 см-ге төмендеп, қазір 364 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгей 5 метр. Қиғаш-Бөкейхан бекетіндегі су деңгейі 1 см-ге төмендеген. Қазір мұндағы су деңгейі 228 см.

Read More

Тәртіп сақшылары Құлсары қаласының тұрғындарының жеке мүлкінің толық сақталуын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.  2024 жылғы 5 сәуірден бастап Ұлттық Ұлан гвардиясының полицейлері мен әскери қызметшілері Құлсары қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жедел басқару орталығының камераларының көмегімен үздіксіз патрульдеу және бақылау жүргізгені хабарланды. «Қазіргі уақытта күндіз-түні патрульге 275 полиция қызметкері мен 125 әскери қызметші тартылды. 5 сәуірден бастап Құлсары қаласында ұрлық немесе бұзақылық фактілері тіркелмеді», — деп нақтылады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Read More