CaspianLife, 22 мамыр — 22 мамырда сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі (21 мамыр, сағат 8.00 салыстырғанда) с. Индербор — 6 см, су деңгейі — 1005 см, шекті деңгейі — 845 см. с. Махамбет — 0 см, су деңгейі — 1020 см, шекті деңгейі — 850 см. Атырау қ. + 4 см, су деңгейі, 581 см, шекті деңгейі — 550 см. с.Жаңаталап + 2 см, су деңгейі — 421 см, шекті деңгейі — 500 см. с. Еркінқала ауылы + 2 см, су деңгейі — 379 см, шекті деңгейі — 450 см.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 21 мамыр — Атырау облысында ТЖ режимі жарияланғалы бері, инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында 18 жасқа дейінгі 4600-ге жуық жасөспірімге А вирустық гепатитіне қарсы вакцина салынған. Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынгүл Аймұратованың айтуынша, тасқын қауіпіне байланысты, Атырауда балалар мен жасөспірімдерге вакцина салу қарқынды жүріп жатыр. «Негізінде бұл вакцинаны балалар 2 жасқа дейін алып болуы керек. Бірақ, түрлі себептермен вакцинаны уақытында алмаған балалар өте көп. Тасқын болып жатқан аумақтарда инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау мақсатында, А вирустық гепатитіне қарсы вакцина бұрын екпе алмаған 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге салынып жатыр. Облыста ТЖ режимі жарияланғалы бері 18 жасқа дейінгі 4600-ге…
CaspianLife, 21 мамыр — ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрлік Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктерге арналған тестілерді даярлауға кірісетінін айтты. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, сондай-ақ еліміздің тарихы мен Конституциясының негіздерін білмеген жағдайда, азаматтық берілмейді. Ал тілді білудің тиісті деңгейін Ғылым және жоғары білім министрлігі айқындайды. С. Нұрбек көші-қон заңнамасына өзгерістер бекітілгенін еске салды. «Енді азаматтықты алу үшін тест тапсыру керек. Бұл әлем елдеріндегі қалыпты тәжірибе, яғни АҚШ, Канада, Германия, Түркияда, Ресейде осындай тәртіп бар. Біздегі тестінің үш компоненті болады. Мемлекеттік — қазақ тілін меңгеру, Конституция негіздері мен Қазақстан тарихын білу ескерілген. Қазір арнайы жұмыс тобын…
CaspianLife, 21 мамыр — Тасқын кезінде малынан айрылған Жылыой ауданының тұрғындарына өтемақы мамыр айының соңына дейін төленеді. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы айтты. Бүгінде бөлімге мал иелерінен түскен өтініш саны – 101. Жалпы тасқын кезінде Жылыойда 876 төрт түлік пен 532 құс өліп қалған. Басым бөлігі өр суымен ағып кеткен. 20-мамырдан бастап малынан айрылған 23 азаматқа жалпы сомасы 25,6 млн теңгеге өтемақы төленді. Қалған 78 тұрғын қаражатты осы айдың аяғына дейін қолына алады. Жалпы тасқын кезінде өлген мал шығыны 93,5 миллион теңгеге бағаланып отыр. Жылыой аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев: «17-майдан бастап…
CaspianLife, 21 мамыр — Су басқан өңірлердің мектеп түлектері сонымен қатар ұлттық бірыңғай тестілеуді жеке кесте бойынша тапсырады. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттарға берген жауабында хабарлады. Қолданыстағы ережелерге сәйкес ҰБТ жылына бірнеше рет (қаңтар, наурыз, мамыр-шілде, тамыз) өткізіледі. Негізгісі – 16 мамыр мен 5 шілде аралығында болады. Биыл мектеп түлектерінің саны 185 мыңнан асады. Негізгі ҰБТ-ға (мамыр-шілде) екі мүмкіндікті ескере отырып, 330 мыңнан астам түлек қатысады деп күтілуде. – Су тасқынынан Ақмола облысының Атбасар қаласындағы және Атырау облысының Құлсары қаласындағы 2 пункт зардап шекті. Бүгінгі күні осы пункттер басқа ғимараттарға көшірілді. ҰБТ-ны штаттық режимде өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі…
CaspianLife, 20 мамыр — Атыраулық құтқарушылар түнгі кезекшілікте 132 адамды, оның ішінде 11 баланы қайықпен тасымалдады «Казгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, 20 мамырда Атырау облысы Махамбет ауданында Жайық өзенінің су деңгейі +4 см көтеріліп, 1015 см құраған. Махамбет ауданы Сарытоғай ауылын су басу қаупі төнуіне байланысты, өр суын қауіпсіз өткізу мақсатында Махамбет ауылы мен Сарытоғай ауылын жалғап жатырған тас жол жабылып, су арнасы бағытын бұру үшін жырылып, көлік қатынасы тоқтаған болатын. Тұрғындарды тасымалдау қайық арқылы тәулік бойы жүзеге асырылуда. 19 мамыр күні кешкі сағат 20.00-ден бастап 20 мамыр күні сағат 08.00 аралығындағы кезекшілікте Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Махамбет ауылы…
CaspianLife, 20 мамыр — Тасқын қауіпі төнген жағдайда қала тұрғындарын қауіпсіз аймақтарға көшіру мақсатында дайындалған эвакуациялық пункттардың сыйымдылығы 10 250 орын. Қазіргі уақытта эвакуациялық пункттардың барлығына төсек-жабдық, кереуеттер жеткізіліп қойылды. Төтенше ахуал орын ала қалған жағдайда қала бойынша белгіленген эвакопункттар тұрғындарды кедергісіз қабылдай алады. Эвакуациялық пункттардың мекен-жайымен 2gis.kz қосымшасы арқылы танысуға болады.
CaspianLife, 20 мамыр — 2024 жылдың маусымында қазақстандықтар 11 күн демалады. Бұл айда қазақстандықтар мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі — Құрбан айтты тойлайды. 2024 жылы Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді. Осылайша қазақстандықтар Құрбан айт мерекесінде үш күн – 15, 16 және 17 маусымда демалады. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін маусымда 19 жұмыс күні және 11 демалыс күні болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 24 күн жұмыс істеп, 6 күн демалады.
CaspianLife, 20 мамыр — 20 мамыр, сағат 08-00-дегі жағдай бойынша Атырау облысындағы су деңгейі туралы жедел мәлімет (19 мамыр, сағат 8.00 салыстырғанда) Жайық — Индербор 1016 см, -5 см, шекті деңгей — 845 см. Жайық — Махамбет 1015 см, + 4 см, шекті деңгей 850 см. Жайық — Атырау 573 см, +3 см, шекті деңгей — 550 см. Жайық — Жаңаталап 416 см, +4 см, шекті деңгей 500 см. Жайық — Еркінқала 374 см, +4 см, шекті деңгей 450 см.
18 мамыр. Құрметті Әріптестер! Үш жылға жуық уақыт бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маған Маңғыстау облысын басқаруды тапсырды, осы үлкен сенімі үшін Президентімізге рахмет айтамын. Маңғыстаудағы қызметім барысында әрдайым Президентіміздің қолдауына ие болып, білімімді, кәсіби, өмірлік тәжірибелерімді, біліктілігімді өңірдің дамуына жұмсадым. Менің барлық жұмысым Маңғыстаулықтардың көз алдарында болды, тұрғындармен түрлі мәселелермен жиі жүздестік, келісіп отырып қажет шешімдерді қабылдадық. Атап айтқанда, өндіріс орындарын, шаруашылықтарды, тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету, МАЭК-тің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, инженерлік желілерді жаңарту, негізсіз бөлінген жер телімдерін қайтару және заңсыз құрылыстармен күресу бағытында, т.т. ауқымды жұмыстар атқарылды. Әріптестеріме, әр деңгейдегі депутаттық корпусқа, барлық кәсіпорындар ұжымына, жастарға,…
