Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 23 мамыр — Жайық өзені суының Атырау-Орал тасжолының 80-85 шақырымы аралығында арнасынан асуына байланысты жеңіл автокөлік қозғалысы бүгіннен бастап жабылуы мүмкін. Бұл жөнінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев хабарлады. Көлік қозғалысына балама ретінде жергілікті маңызы бар Атырау-Индер тасжолымен, Махамбеттың тұсындағы көпір арқылы жүруге жағдай жасалған.

Read More

CaspianLife, 23 мамыр —  Каспий итбалығы популяциясын сақтауға арналған табиғи резерват Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында құрылады. Мемлекеттік резерват Каспий теңізінің акваториясында болады, оның ауданы 110 мың гектарға жуық. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау үшін мемлекеттік табиғи резерват құру туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын ұсынды. Құжат «Ашық НҚА» жүйесінде 5 маусымға дейін талқылауда болады. «Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау үшін Каспий теңізінің акваториясында, Қазақстанның Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында мемлекеттік табиғи резерват құруды жоспарлады», – делінген жобада. Резерваттың ауданы 109 558 гектар, оның ішінде қорғау аймағы — 69 839 гектар. Ауыл шаруашылығы министрлігі…

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Күшікті балалардың көзінше ұрып, жерге лақтырып жіберген қала тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Атырау облысы ПД хабарлады. Жануарға жасалған қатыгездік балабақша ауласында, тәрбиеленушілердің көзінше болған. Күшік балалардың қасына келді, бірақ ер адам жануарды теуіп, жерге лақтырып жіберді. Кейін күшік орнынан тұрып, жүре алмай қалған. «Полиция Жұлдыз ықшам ауданы аумағында орналасқан балабақша ауласында қараусыз жүрген итті аяқпен теуіп, жарға лақтырып, қорлаған 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты жануарларға қатыгездікпен қарау дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды» -делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Жайық деңгейі 23-мамыр күні Индербор кентінің тұсында 5 см-ге төмендеп, 10 м-ді көрсетті. Махамбет ауылы маңында да Жайық өзенінің деңгейі 4 см төмен түсті. Ал Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі 4 см-ге көтеріліп, 585 см-ге жетті. Қауіпті межеден 35 см асқан. Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының тұсында да 3 см көтеріліп тұр. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі өзгеріссіз. Қазір мұндағы су деңгейі 350 см. Қиғаш-Бөкейхан бекетінде су деңгейі 1 см-ге түскен. Иреклі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Жалғансай ауылында қазіргі ахуал тұрақты, ауылдық округте қауіптің сейілуіне байланысты Д.Төленов атындағы орта мектебінде орналасқан Жалғансай ауылының 143 тұрғынын өз үйлеріне қайта көшіріліп жатыр, деп хабарлады Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. Сондай ақ, туыстарына орналасқан 46 адамға ауылға қауіп жоқ екендігі хабарланып, үйлеріне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындарды қайта эвакуациялау жұмыстарына жалпы 2 автобус, 6 газель автокөліктері жұмылдырылуда. Сумен шайылған бөгет қосымша нығайтылуда. Тұрғын үйлер мен обьектілерді су баспады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта Махамбет ауданында су деңгейі 1020 см. Еске сала кетелік, 22 мамыр, 23.41 — де Жалғансай ауылына кіреберіс тас жолына жақын маңдағы…

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Махамбет ауданы, Жалғансай ауылында түн ортасына жақын тұрғызылған бөгет бұзылды, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы. Қазіргі уақытта ауылдық медициналық пунктті су басу қаупі бар. Сағат 01.20-да ескерту сирена қосылды. Ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сондай-ақ аудан орталығына эвакуациялау басталды. Жағдайды тұрақтандыру үшін аудан орталығынан қосымша күштер сұралды. Қазіргі уақытта қауіпті жою үшін 15 техника мен ҚМ жеке құрамының 50 сарбазы жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында облыс әкімі барды.  Айта кетейік, Жалғансай ауылы Махамбет ауылының аудан орталығынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалғансай ауылының халқы-1286 адам. Үйлердің саны — 237.

Read More

CaspianLife, 22 мамыр — Қайыршақты ауылдық округіне қарасты 64 — 68 учаске бойында өзен жағалауына жалпы ұзындығы 6 шақырымнан астам бөгет соғылған. Биіктігі 4 метрден асатын бөгеттерді толқын су шайып кетпесі үшін аталған аумаққа жалпы ұзындығы 800 метр болатын бон орнатылған. «Қазіргі уақытта келіп жатқан судың қарқыны қатты. Күн сайын едәуір көтеріліп тұр. Жағалауда Ақтөбе облысының ТЖД мамандары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте жүр. Кезекшілік әр 100 метр сайын қойылып отыр. Бұрынғы саяжай орындарында мәселелер болды. Кейін ол учаскелерді қоршадық. Соколоктан су келіп жатуына байланысты, қосымша бекіту жұмыстары жүруде» деді 64 — 68 учаске координаторы Нұрлан Жантоқов.

Read More

CaspianLife, 22 мамыр — Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарының бірі топан су ортасында қалған. Осыған байланысты қожалық иесі құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Құтқарушылар су ортасында қалған 4 үйір (80 бас) жылқыны қауіпсіз жерге айдап, көшіру жұмыстарын жүргізді. Құтқару жұмыстарына 18 адам, 8 қайық, 4 техника жұмылдырылды.

Read More

CaspianLife, 22 мамыр — Бұл туралы бүгін Жылыой ауданынының әкімдігі хабарлады. «Жылыой ауданының әкімдігі Құлсары қаласының тұрғындарына зардап шеккен тұрғын үй үшін өтемақы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарағаны үшін ризашылығын білдірді. Алда үлкен және өте маңызды қалпына келтіру жұмыстары тұр. Қала алаңы қалыпты өмірге оралды, бейбіт жиналысқа қатысушылардың шатырлары жиналды. Барлық қоғамдық орындар қалыпты режимде жұмыс істеуде. Қалада зардап шеккен тұрғындарды залалды бағалау нәтижелерімен таныстыру бойынша мобильді топтардың жұмысы жалғасуда. Құлсарылықтарға № 20 қалалық мектеп базасында және 109 нөмірі бойынша байланыс орталығы арқылы үздіксіз консультативтік қолдау көрсетілуде. Бағалау нәтижелерімен келіскен қала тұрғындары мен әкімдік арасында шарттарға қол қою жергілікті…

Read More

CaspianLife, 22 мамыр — Ертең, 23 мамырда орташа жол жөндеу жұмыстарына байланысты Ғ. Әліпов көшесі жабылады. Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада: «Ғ. Әліпов көшесінің Махамбет көшесі және Азаттық даңғылы аралығы жабылатындығын хабарлаймыз»-делінген. Қосымша ақпараттар хабарланады.

Read More