Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 27 мамыр — 2024 жыл 23 мамырға қараған түннен бастап Атырау облысындағы су тасқыны жағдайларына байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Қауырт желі» қайта іске қосылды. Қауырт желінің негізгі мақсаты облыс тұрғындарына ақпарттық және психологиялық көмек көрсету. Аталған уақыттан бастап орталыққа 22-ден астам қоңырау келіп түсті. Қоңыраулар легі ақпараттық сипатта болды. «Қауырт желі» демалыссыз тәулік бойы 45-41-47, 45-07-00, 45-14-75 нөмірлері бойынша жұмыс жасауда.

Read More

CaspianLife, 27 мамыр — Сарөзек арнасының Бестал ауылына тасқын қаупі төнуіне орай, мал шаруашылығы және егістікпен айналысатын тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру туралы хабарлама жұмыстары жүріп жатыр, жауапты мемлекеттік орган өкілдері жұмырдырылды. Бұл туралы 107 учаскеге жауапты маман Қадыржан Сиюмов мәлім етті. — Жалпы Сарөзек арнасының Еркінқала аумағында 30 шаруа қожалығы орналасқан. Соның ішінде, Бестал ауылы бойында 15 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 6-ы Төтенше жағдай жарияланғалы бері, қауіпсіз аймаққа малын көшіріп әкетті. Ал қалған 9-ына бүгін түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға шаруагерлер жайлаудан көшіп, малын қауіпсіз орынға айдау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Келген нөпір су Сарөзек арнасы арқылы Каспий теңізіне кедергісіз өту…

Read More

CaspianLife, 27 мамыр —  Қаланың басты қорғаныс құрылымы саналатын Соколок арнасының жағасын бекіту жұмыстарына 30-ға жуық арнайы техника жұмылдырылып, 100-ге жуық азамат тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Осы учаскеге жауапты координатор Олжас Сұлтановтың айтуынша, қалаға қауіп төніп тұрған жоқ. — Қазірде жұмыстар қарқынды, бөгеттерді қосымша биіктетіп, қаланы аман алып қалу үшін барлық күшті жұмылдырып жатырмыз. Осы жұмыстардың арқасында тасқынға төтеп береміз деп ойлаймын. Егер өзен суы бөгетті жарса, арнайы жоспарымыз бар. Оған барлық күштік құрылым сақадай сай тұр,-деді О.Сұлтанов. Соколок арнасы бойымен нығайтылған бөгеттің жалпы ұзындығы — 32 шақырым, ал тұрғызылған бөгеттің биіктігі — 3 м.

Read More

CaspianLife, 24 мамыр — Қазіргі уақытта «Атырау–Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 67-68 шақырымында “Махамбет” шәйханасының тұсында өр суының көп мөлшерде жиналуына байланысты арнайы техникалармен тас жол бойындағы жасақталған бөгет ашылды. Ауыл тұсына жиналған өр суы жолдың екінші беті, яғни батыс жақ бетіне жіберілуде. Тас жолы бойына 6 дана арнайы техника жұмылдырылды. Жайық өзені жағалауынан Атырау-Орал тас жолының ара қашықтығы шамамен 6-7 шақырымды құрайды. Жағдай тұрақты, ауылдық елді-мекендерге қауіп жоқ. Қазіргі уақытта Махамбет ауданында су деңгейі 1020 см (шекті деңгей 850 см).

Read More

CaspianLife, 24 мамыр — Тасқын жағдайына байланысты, Оқу ағарту министрлігінің шешімімен, аралық және қорытынды атестаттаудан Махамбет ауданындағы барлық мектептер, Жылыой ауданындағы тасқыннан зардап шеккен № 5, 8, 19, 6 мектептердің 5-11 сынып оқушылары босатылып отыр. «Атырау облысы бойынша, 6376 оқушы аралық және қорытынды атестаттау тапсырмайды. Олардың қатарында Жылыой ауданындағы № 5, 8, 19, 6 мектеп және Махамбет ауданындағы 16 мектептің білім алушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады. Алайда, 11 сынып оқушылары ҰБТ тапсырады. 9 сынып бітіргеннен кейін оқушылар арасында колледждерге оқуын жалғастыруға ниеттілер болса, шәкірттер колледждерде қабылдау емтихандарын тапсырады» -деді Атырау облысы білім беру басқармасының мектепке дейінгі…

Read More

CaspianLife, 24 мамыр — Өр суының қарқыны күшеюіне байланысты, қалаға кіреберіс тұста «Атырау – Индер» трассасында көліктің барлық түрі үшін, қатынас тоқтатылды. Орал қаласы, Индер, Махамбет аудандарынан Атырау қаласына қатынау үшін, Махамбет — Хамит Ерғалиев ауылы (Исатай ауданы) арқылы – «Атырау – Астрахань» трассасы балама қатынас жолы арқылы байланыс бар. Еске сала кетейік, «Атырау — Орал» трассасының 71 шақырымы және Сарайшық ауылының тұсы көлік қатынас үшін жабық.

Read More

CaspianLife, 24 мамыр — Бүгінгі күні судың көптігі мен қатты желдің салдарынан Соколок каналы бойындағы бөгет бұзылды. «Соколок» каналы Атырау қаласына бағытталған үлкен су нөпірін Жайық өзені арқылы реттеудің негізгі элементтерінің бірі. Осыған байланысты, канал бойындағы алғашқы қорғаныс нысанына қосымша, қаланы тасқын сулардан қорғауға арналған екінші қорғаныс нысаны салынған. Екінші қорғаныс бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету мақсатында, қосымша нығайту жұмыстары жүргізілді. Бөгеттің биіктігі Балтық биіктік жүйесінің деңгейіне сәйкес ұлғайтылды. Бұл учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер алу үшін қосымша техникалар жіберілді.

Read More

CaspianLife, 24 мамыр — Бүгін, 24-мамыр күні, Атырау қаласының тұсында Жайық өзенінің деңгейі 5 см-ге көтеріліп, қазір 590 см-ге жетті. Қауіпті межеден 40 см асқан. Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының тұсында да 2 см көтеріліп тұр. Индербор кентінің тұсында 5 см-ге төмендеп, 995 см-ді көрсетті. Ал Махамбет ауылында Жайық өзенінің деңгейі екі күннен бері өзгеріссіз. 10 м 20 см болып тұр. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі бір тәулікте 2 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 348 см. Қиғаш-Бөкейхан бекетінде де су деңгейі 1 см-ге түскен. 24-мамыр Иреклі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұхамбетәлиевтің айтуынша, тасқын судың көп келуіне байланысты, тағы 6 су өткізгіш құбыр салынуда. «Жұмыс 24-30 сағатқа жоспарланды. 25 адам, 40 техника жұмылдырылуда. Стратегиялық жол болғандықтан, жұмыстарды, бүгін, яғни, 23 мамыр сағат түнгі 00.00-ге дейін аяқтау жоспарда» -деді ол. Еске сала кетейік, бұған дейін «Атырау — Индер» бағытындағы тас жолдың 24-шақырымына 6 су өткізгіш құбыр салынған болатын.

Read More

CaspianLife, 23 мамыр — Тасқыннан зардап шеккен құлсарылықтарға арналған үйлердің құрылысына дайындық басталды. Нысандар шаһардағы «Болашақ» мөлтек ауданында бой көтермек. Қазір құрылыс жобасы мемлекеттік сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Ал әзірге үш мердігер мекеменің жұмысшылары жерді тегістеуге кірісіп кетті. Үйлер «Қазақстан халқына» қорының есебінен салынбақ. Жоспар бойынша, құрылыс жұмысы қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс.  Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов: -Қазіргі таңда мына Құлсары қаласындағы Болашақ мөлтек ауданында тұрмыз. Осы жерде жоспарланғандай әу бастан 80 үйдің құрылысын жүргізу керек болдық. Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасымен 100 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарға енгізілді. Өздеріңіз көріп тұрсыздар қазіргі таңда мынау мердігер тасын…

Read More