Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 29 мамыр — Атырау қаласының тұсында Жайық өзенінің деңгейі бір тәуліктен бері өзгеріссіз, 6 м болып тұр. Ал Жаңаталап пен Еркінқала ауылының тұсында су деңгейі 1 см-ге төмендеді. Индербор кентінің тұсында да 6 см-ге түсіп, 962 см-ді көрсетті. Ал, Махамбет ауылында Жайық өзенінің деңгейі 2 см-ге төмендеген. Қазір мұндағы су деңгейі 10 м 18 см. Қиғаш-Шортанбай бекетінде де су деңгейі 1 см түсті. Қиғаш-Бөкейхан бекетінде су деңгейі болса бес тәуліктен бері өзгеріссіз тұр. 29-мамыр Иреклі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.

Read More

CaspianLife, 28 мамыр — «Атырау облысы су арнасы» КМК хабарлауынша, Амангелді ауылындағы су тазарту стансасының жұмысы су тасқыны мен су басуына байланысты уақытша тоқтатылды. «Салдарынан Дамба, Қызыл Балық, Жаңаталап және Құрманғазы ауылдарына қаладан суық су тартылып, үйлеріңіздегі су қысымы төмендеуі мүмкін. Су тазарту қондырғысын қайта іске қосу жұмыстары маусым айына жоспарланған. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз» -делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 28 мамыр — Құлсары қаласындағы «Болашақ» шағынауданда су басқан үйлердің тұрғындары үшін салынатын 100 үйдің 48-інің іргетас құю жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы. Атырау облысы құрылыс басқармасының бас маманы Ернар Қадырбайдың айтуынша, 80 үй «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынса, 20-сы жергілікті бюджет есебінен салынады. – Бүгінде бетон төсеу жұмыстарымен қатар іргетас, монолит құю жұмыстары атқарылып жатыр. Мұнан соң тас қалау жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін жергілікті жерде қажетті инертті материалдар мен құрылыс материалдары жеткілікті. «Қазақстан халқына» қорының талаптарына сәйкес, мердігер мекемелер жергілікті жерден болу керектігі айтылған. Құрылыс алаңында экскаватор, автотиеуіш, автоаударғыш,…

Read More

CaspianLife, 28 мамыр — Ақтауда 4 «А» шағынауданында орналасқан «Каспиан Ривера» қонақ үйінің артындағы биіктігі шамамен 3-4 метрлік теңіз жағалауындағы жартастардан 12 жастағы бала құлап кетті. Құтқарушылар 2012 жылы туған баланы құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері дер кезінде оқиға орнына барып, баланы тексеріп облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер баланың миын компьютерлік томографияға түсірген. Диагноз бойынша баланың бас миының жабық жарақаты мен шайқалуы анықталған. Қазір жасөспірімнің жағдайы тұрақты. — Қазір науқас балалар ауруханасының травматология бөлімінде. Динамикада ем тағайындалып, емделіп жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты бақылауда екенін жеткізді, — дейді облыстық балалар ауруханасының баспасөз…

Read More

CaspianLife, 28 мамыр — Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі су тасқынына қатысты түсініктеме берді. ТЖД басшысының орынбасары Руслан Шариевтің айтуынша, қазіргі уақытта Махамбет ауданындағы су деңгейі шарықтау шегіне жетті. Ал Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі — 6 метрге көтеріліп тұр. ⁃ Үлкен су Атырау қаласына әлі келуде. Біз су тасқыны Махамбет ауданынан бір арнамен келіп Жайық өзенін толтырып жатқанын көріп отырмыз. Су екі Соколок және Сарыөзек айналма каналдарына да құйып жатыр. Каналдардың шарасына сыймай тұр. Әзірге Атырауда су тасқыны басталу уақытын нақты болжай алмаймыз , — деді Руслан Шариев.

Read More

CaspianLife, 28 мамыр — Halyk Bank қызметкерлері Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету штабында жұмыс істеп жатыр. Биыл көктемде Қазақстанда 80 жылда болмаған табиғи апат болды. Жаппай су тасқыны еліміздің 10-нан аса облысы тұрғындарының өмірін күрт өзгертті. Халық бар мүлкінен айырылды. Мұндай төтенше жағдайда бүкіл Қазақстан халқының көмегі мен ұйымшылдығы қажет. Атап өтсек, «Халық» қайырымдылық қоры мен еліміздегі ең ірі Halyk банкі облыс әкімдіктерінің жедел штабтарына жан-жақты қаржылық қолдау көрсете отырып, апатқа қарсы күреске белсенді қатысып жатыр. Жалпы алғанда, зардап шеккендерге көмек ретінде олар қызметкерлердің бір күндік жалақысын қосқанда 1 млрд 445 млн теңге бөлді. Атырау облысындағы Құлсары қаласының…

Read More

CaspianLife, 28 мамыр — 28-мамыр күні Атырау қаласының тұсында Жайық өзенінің деңгейі 2 см-ге көтеріліп, қазір 600 см болып тұр. Қауіпті межеден 50 см асқан. Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының тұсында да өсім 1 см-ді көрсетті. Индербор кентінің тұсында 7 см-ге төмендеп, қазір 968 см-ге жетті. Ал Махамбет ауылында Жайық өзенінің деңгейі төрт күннен бері өзгеріссіз. 1020 см. Қиғаш-Шортанбай және Қиғаш-Бөкейхан бекетінде де су деңгейі төрт тәуліктен бері өзгеріссіз тұр. 28-мамыр Иреклі су қоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.

Read More

CaspianLife, 27 мамыр — Бүгін Ақтауда 27 шағынаудан тұрғынынан заңсыз оқ дәрі табылды. Маңғыстау облыстық полиция басқармасының айтуынша, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. — Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды, — дейді МО полиция басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллақызы.

Read More

CaspianLife, 27 мамыр — Утильалымға қатысты петиция Үкімет деңгейінде қаралмақ. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев хабарлады. Министрліктің мәлімдемесіне сүйенсек, E-Petition.kz сайтында утильалымға қарсы дауыс берген тұрғындардың саны 50 мыңнан асқан. Сондықтан, заңға сәйкес Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мүдделі тарап — мемлекеттік орган мен қоғамдық бірлестік өкілдерінен құралған арнайы жұмыс комиссиясын құрып, петицияда көрсетілген мәселені қарауы тиіс. Утильалымға қарсы петиция сайтта мамыр айының 10-нда жарияланған еді. Заң бойынша жауапты ведомство петицияны қол жинау басталғаннан 40 күн ішінде қарайды. Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утильалым жойылмайтынын айтқан еді. Оның сөзінше, бұл мәселені көліктерді алып сататындар…

Read More

CaspianLife, 27 мамыр — Махамбет ауданы Талдыкөл елді мекеніндегі ТЖ байланысты ауыл тұрғындарын жалпы түрде эвакуациялау 25-мамырдан бастап жүргізілді. Олар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің және APEC Petrotechnic жоғары колледжінің жатақханасына орналастырылды. «Қазіргі уақытта Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 1-жатақханасына 19 бала, 11 ересек, барлығы 30 тұрғын орналасты. Тұрғындар 3 мезгіл тамақпен, қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Бұлардан бөлек тағы эвакуацияланатын халық үшін осы жатақханада 450 орын дайын тұр» -дейді Атырау облысы Білім беру басқармасының бөлім басшысы Дулат Хамзин. Бүгінде университет жатақханасында орналасқан тұрғындарға 2 дәрігер, 2 фельдшерден құрылған дәрігерлік бригада медициналық көмек көрсетуде. Олар таңғы сағат 8-ден түңгі 12-ге дейін…

Read More