CaspianLife, 31 мамыр — Қазіргі уақытта тас жол бойында орналасқан Соколок арнасының №112 учаскесіндегі көпір су өтуіне кедергі келтіріп отыр. Осы ретте көпірді кеңейтуге арнайы комиссияға ұсыныс берілді. Бұл туралы учаске координаторы Әлібек Семғалиев мәлім етті. — Комиссия оң шешім шығарса, Доссорға қатынайтын жолдағы көпір асты кеңейтіледі. Осылайша судың кедергісіз өтуіне мүмкіндік жасалады. Қазір көпір астымен су өту қиындап, жайылмаға тарауда. Нөпір су Бірлік, Жұлдыз ықшамаудандарының тұрғындары бірігіп салған бөгетке тіреліп тұр. Әзірге қауіп жоқ, десе де бөгеттердің осал тұстарын нығайту жұмыстарын бастап кеттік,- деді Ә.Семғалиев. №112 учаскеде жүріп жатқан бөгет нығайту жұмыстарына 8 арнайы техника мен 15 адам жұмылдырылды.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 31 мамыр — Жаңа «Mass Alert» жүйесі 1 маусымға дейін енгізілетінін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мамырдың ортасында мәлімдеген еді. — Төтенше жағдайлар жөнінде тұрғындарға «Cell Broadcast» технологиясы арқылы хабарланатын болады. Бұл байланыс желісіне салмақ түсірмей, базалық станция антендері бар аумақта барлық абонентке жылдам әрі жаппай хабарлама жіберуге мүмкіндік бермек, — деген болатын Е.Досаев.
CaspianLife, 31 мамыр — Махамбет ауылының тұсында Жайық өзенінің деңгейі бірнеше күннен бері түсіп келеді. Бүгін 2 см-ге төмендеп, су деңгейі 10 м 14 см болды. Дәл осындай ахуал Индербор кентінде де байқалады, мұнда 6 см-ге төмендеп, 948 см-ді көрсетіп тұр. Ал Атырау қаласының тұсында Жайық деңгейі үш тәуліктен бері 6 метр болып тұр. Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының маңында да су деңгейі не көтерілген жоқ, не түскен жоқ. Ал, Қиғаш-Шортанбай және Қиғаш-Бөкейхан бекетінде су деңгейі алты күннен бері өзгеріссіз. 31-мамыр күні Иреклі су қоймасынан секундына 90 текше метр су жіберіліп жатыр.
CaspianLife, 31 мамыр — Бұл туралы ТЖ жою басқармасының бастығы Жантөре Сәндібекұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. «Жайық өзенінің ағысы қатты болуына байланысты халықтың суға шомылуы әзірге өте қауіпті. Сондықтан жағажай орындары ашылғаннан кейін ғана рұқсат етілген жерлерге шомылуға кеңес береміз. Өздеріңізге таныс емес немесе жабайы жағажайға бармауларыңызды ескертеміз» деді спикер. Ескерте кетейік, ТЖ байланысты Атырау қаласында суға түсетін орындар әлі ашылған жоқ.
CaspianLife, 30 мамыр — Атырау қаласындағы Алмалы ауылдық округіне қарасты 8 шаруашылықты округ орталығымен байланыстыратын жолды су шайып, шаруаларға қиындық келтіруде. Қазір жайылма суын Жайыққа кедергісіз қосу үшін уақытша салынған айналма жолды жыру жұмыстары жүргізілуде. Жайық өзені Алмалы ауылын 3 жағынан қоршаған еді. Ауылды сақтап қалу үшін ұзындығы 9 шақырымдай бөгет тұрғызылып, күндіз түні күзет ұйымдастырылған. Сақтық шарасы әлі де күшінде. Бүгінде округке жауапты мекеме мен 50-ден астам сарбаз кезекшілік атқарады. Жалпы өзен бойындағы 17 елді мекеннің барлығында жауапты мекемелер белгіленген. — Негізінен жаға бекіту жұмыстары толығымен аяқталды. Қоршау сенімді, ауылға қауіп жоқ. Жайық өзенінен шыққан жайылма су ауылдың айналасына…
CaspianLife, 30 мамыр — Атырау қаласы бойынша 265 шаруа қожалықтың 37-сін, яғни 3120 гектар аумағын су басты. Оның ішінде Соколок каналы бойы, Алмалы мен Еркінқала ауылдық округтері бойынша суда қалған 18 мал шаруашылығы, 19 егін шаруашылығы тіркелген. «Су басқан шаруа қожалықтарындағы мал басы қауіпсіз аймаққа көшірілді. Адам шығыны мен үйлерді су басу жағдайы орын алған жоқ. Алайда, «Алтын сазан» демалыс орны мен «Адай» дүкені зардап шекті. Қазіргі уақытта әкімдік тарапынан қиын жағдайда қалған шаруа қожалықтарына техника, жанар-жағармай, құрал-жабдықтар, бөгет салу, және малға қажетті жем-шөппен көмек көрсетілуде» дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов. Қала бойынша су басу қаупі бар Қайыршақты,…
CaspianLife, 30 мамыр — Атырау қаласының тұсында Жайық өзенінің деңгейі екі тәуліктен бері өзгеріссіз тұр. 600 см. Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының маңында да су деңгейі не көтерілген, не түскен жоқ. Индербор кентінің тұсында 8 см-ге төмендеп, 954 см-ді көрсетті. Ал, Махамбет ауылында Жайық өзенінің деңгейі 2 см-ге төмендеп, су деңгейі 10 м 16 см болып тұр. Қиғаш-Шортанбай және Қиғаш-Бөкейхан бекетінде су деңгейі алты күннен бері өзгеріссіз. 30-мамыр күні Иреклі су қоймасынан секундына 90 текше метр су жіберіліп жатыр.
CaspianLife, 29 мамыр — Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып Махуов Тілек Алдабергенұлы тағайындалды. Махуов Тілек Алдабергенұлы 1977 жылы Атырау облысында туған. 1999 жыл — Атырау мұнай-газ институтын аяқтап, «Мұнай және газ кәсіпшілік мәшинелері мен жабдықтары» мамандығын, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс пен қала шаруашылығы» мамандығын алған.
CaspianLife, 29 мамыр — Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Сабри Альптекин аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбаймен кездесуде жаңа жоба туралы мәлімдеді. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-әлеуметтік байланыстарды нығайту және кеңейту мүмкіндіктерін де талқылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында Маңғыстау облысы мен Түркия арасындағы сыртқы сауда айналымы 4,9 млн АҚШ долларын құраған. Облыста түрік капиталының қатысуымен бүгінде 103 кәсіпорын белсенді жұмыс істейді. Бас консулдың айтуынша, Маңғыстау облысында 1100 түрік азаматы тіркелген, оның 550-і Ақтауда тұрақты тұрып, жұмыс істейді. «Түрік кәсіпкерлері аймақ экономикасына инвестиция құюға және достық әлеуметтік және мәдени қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі. Мысалы, YDA компаниясы…
CaspianLife, 29 мамыр — Атырау облысы ТЖД құтқарушылары Индер ауданы Индербор кентінде Жайық өзенінің тасуы салдарынан жиналған судан жасөспірімнің денесін шығарды. Индербор кентінің тұрғыны 15 жастағы жасөспірім 28 мамырда күндізгі уақытта достарымен су айдындарына кетіп, кері оралмаған. Құтқарушылар сол уақыттан бастап іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 29 мамырда түнгі сағат 04:40 шамасында жасөспірімнің денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі уақытта Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен суы өз арнасынан асып, жайылмаға тараған. Ал жасөспірім балалар 170 см биіктіктегі жайылма суға шомылғандығы анықталды. Осыған байланысты Атырау облысы ТЖД су тасқыны кезінде қауіпсізідік шараларын сақтап, жазғы демалыс уақытында балаларды назардан тыс…
