CaspianLife, 1 наурыз. Маңғыстау облысында алдағы референдумға дайындық аясында тұрғындарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында арнайы Call-орталықтар қызметі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммунмкация орталығы.
Сонымен қатар, азаматтар өздерінің қай референдум учаскесінде тіркелгенін, учаскенің нөмірі мен орналасқан жерін https://man.saylaw.kz/ ресми сайтынан және https://t.me/man_saylaw_bot/ Telegram-боты арқылы біле алады. Ол үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет.
Облыс бойынша Бірыңғай байланыс орталығының 109 қызметіне хабарласуға болады.
109 қызметі мен телеграм-бот 24/7 жұмыс істейді.
Егер аталған платформалардан қажетті ақпарат табылмаған жағдайда, тұрғындар өздерінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті әкімдіктер жанынан құрылған Call-орталықтарға хабарласа алады.
Жұмыс күндері облыс аумағында келесі Call-орталықтар жұмыс істейді:
Ақтау қаласы бойынша 4-шағын аудан, №72 ғимаратта орналасқан қала әкімдігіне, 8 (7292) 30 13 38, 8 700 430 13 38 байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыздар.
Жаңаөзен қаласы бойынша Сәтпаев көшесі, №1 ғимаратта орналасқан қала әкімдігіне 8 (72934) 486 14 байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар.
Бейнеу ауданы бойынша Бейнеу ауылы, Д.Тәжиев көшесі, №10/1 ғимаратта орналасқан аудан әкімдігіне 8 (72932) 215 76 байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар.
Қарақия ауданы бойынша Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, №8 ғимаратта орналасқан аудан әкімдігіне 8 (72937) 221 91 байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар.
Маңғыстау ауданы бойынша Шетпе ауылы, «Орталық» шағын ауданы, №2 ғимаратта орналасқан аудан әкімдігіне 8 (72931) 214 51 байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар.
Мұнайлы ауданы бойынша Маңғыстау ауылы, 16 квартал, №11 ғимаратта орналасқан аудан әкімдігіне 8 (7292) 30 26 88 байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар.
Түпқараған ауданы бойынша Форт-Шевченко қаласы, Д.Тәжіұлы көшесі, №13 ғимаратта орналасқан аудан әкімдігіне 8 (72938) 222 90 байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар.
Облыс тұрғындарына референдумға қатысты барлық сұрақтар бойынша жоғарыда көрсетілген байланыс арналары арқылы хабарласуға болады. Call-орталықтар азаматтардың өтініштері мен сауалдарына жедел жауап беруге дайын.

