Атырауда нан мен ұн бағасы тұрақталады. Бұл Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен «Карат» ЖШС арасында жасалған екі жақты меморандумға сәйкес мүмкін болып отыр.
Жеңілдетілген бағамен 16 мың тонна ұн сатып алған серіктестік нан бағасын 90 теңгеден, бірінші сұрыпты ұнның бір келісін 145 тг ден асырмауы тиіс. Сондай-ақ, бұл бағаны жергілікті өзге операторлар да ұстануы қажет.
Айта кетейік, биыл тұрақтандыру қорына бюджеттен 776 млн теңге бөлінген. Оның 155 млн теңгесіне 1000 тонна бірінші сұрыпты ұн сатып алыныпты.