Жергілікті журналистердің бір бөлігі COVID-19-ға қарсы вакцина алды. Олар алдымен өздерінің белгілі бір аурумен ауыратындықтары немесе ауырмайтындықтары туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, сауалнама толтырды. Одан кейін дәрігерлер дене қызуы мен қан қысымын өлшеп, қандағы оттегі мөлшерін де анықтады.
Дәурен МАҚЫМ, журналист
Алуға шешім қабылдаған себебім, тарихта қайбір кезеңді алып қарасаңызда эпидемияның, пандемияның, қандай да бір қатерлі жаппай аурулардың алдын-алу, бұл жаппай вакцинациялану, ұлттың халықтың жаппай вакцинациялануы. Сондықтан да, өзінің Отан алдындағы, отбасы алдындағы, қоғам алдындағы, өзге адамдар алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын әрбір азамат бұл вакцинаны қабылдау керек деп есептеймін.Надежда ШИЛЬМАН, журналист
Менің вакцина алуыма себеп– бұрынғы үйреншікті өмірге тезірек оралғым келеді. Егер әркім осылайша өз денсаулығына алаңдаушылық білдірсе, біз бұрынғыдай қыдырып, көңіл көтеріп, емін-еркін жұмыс істей алатын боламыз деп ойлаймын. Басында қалай болар екен деп қорыққам, бірақ, екпе алған соң қорқынышым сейілді.
Вакцина алуға 30-ға жуық БАҚ өкілі ниет білдіріпті. Ресейде жасалған «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алғаннан кейін оларға жарты сағаттық демалыс берілді. Ал, екінші компоненті 21 күннен кейін салынатын болады.