Ақтауда төрт бірдей кафе иесіне айыппұл салынды. Өйткені, дәмхана қожайындары демалыс күндері карантин талаптарын өрескел бұзып, келушілерге түнгі сағат 3-ке дейін қызмет көрсеткен.
Заңбұзушылықтар Ақтау қаласының әкімдігі мен тәртіп сақшылары бірігіп жүргізген мониторинг барысында анықталды. Видеодан кафе -барлардың адамға лық толы, маскалық режим мен ара қашықтықтың мүлдем сақталмағандығы көрінеді.
Клиенттер мониторингтік топ мүшелерін көре салысымен бәрі жан-жаққа жапа- тармағай қаша жөнелді.
Әлібек Әділқожа, Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы
— Бұдан былай тағы да қайталанатын болса, онда қолданыстағы заңамаға сәйкес кәсіп иелерінің қызметін уақытша тоқтату жөнінде қатаң шара қолданылмақ.