Тағы да сасық иіс. Кеше кешкілік қала тұрғындары жаппай ауада жағымсыз иістің күшейіп кеткендігін айтып, шағымданды.
Халықтан түскен шағымға сәйкес, экология департаментінің қызметкерлері тексеріс жүргізді. Нәтижесінде зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары « Квадрат» булану алаңының санитарлық қорғау аймағы сыртынан сынама алып, ауада күкіртті сутектің 12 есе артқанын анықтады.
Сонымен қатар, 31 наурыз күні таңғы уақытта «Казгидрометтің» Атырау облыстық филиалының мамандары да ауа сапасын бақылаған еді. Олардың да құрылғылары Загородный, Акимат, Перетаска бекеттерінен күкіртті сутектің рұқсат етілген мөлшерден 19 есе асқандығын көрсеткен.
Әлібек БЕКМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы
Қазіргі таңда осы материалдардың сэс управлениесіне жолдадық. Одан басқа біздің департамент жылдың басында жанағы квадрат булану алаңы кәзір суларын тазартусыз тастағанын үшін, экономикалық сотқа шағым жолдандық. Қазір сотта қаралып жатыр арызымыз.