Атыраулықтар тапкан табыстарының көп бөлігін азық түлікке жұмсайды. Статистика Департаменті берген мәліметтерге сүйенсек, бір отбасы тамаққа айына 134 000 теңгеге жуық ақша шығарады. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15 пайызға артқан.
Тапқан қаражаттың ең көп бөлігі ең бірінші кезекте ет және еттен жасалатын, содан кейін нан және жарма, сүт пен сүт өнімдеріне жұмсалады, — дейді статист мамандар.
Дамет РЫСҚАЛИЕВА, ҚР старатегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының АОД басқармасының бас маманы
2020 жылдың төртінші тоқсанында Облыс тұрғындарының азық-түлікке кететін шығынының үлесі олардың барлық шығынының 62,8% құрап отыр. Бұл республика деңгейіндегі ең жоғары көрсеткіш.
Атыраулықтар бір ауыздан азық-түлік бағасының күннен күнге өсуі қалтаны қағып тұрғанын айтады. Тапқан табыстың тең жартысынан көбі ішіп-жеуден артылмағандықтан, басқа қызыққа мойын бұруға шама жоқ, — дейді олар.