«Полицейлерді вакцина алуға мәжбүрлеп жатыр»: Атырау полициясы жауап берді — CaspianLife ақпараттық порталы

«Полицейлерді вакцина алуға мәжбүрлеп жатыр»: Атырау полициясы жауап берді

Оқи отырыңыз...

Вакцина бәріңе бірдей міндетті! Жылыой аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерболат Досмағұловтың қоластындағыларға жолдаған аудио жазбасы әлеуметтік желіде желдей есуде. Бұл аудиожазбаға қатысты Ерболат Досмағұловтың өзі түсінік берді. Оған сенсек, басшы бар болғаны әріптестерінің  денсаулығына алаңдаушылық танытқан көрінеді.

 Ерболат ДОСМАҒҰЛОВ, Жылыой аудандық полиция бөлімінің бастығы

 -Жылыой ауданы вирус жұқтыру бойынша алдыңғы орында. Карантин басталғалы үздіксіз блок бекет жұмыс істеуде. Дәрігерлермен қатар полицейлер де алдыңғы шепте жүргендер болғандықтан вакцина салдыру кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан осы аудиожазбаны жолдағанмын. Алайда, ешкімді күштеп немесе мәжбүрлеп вакцина салдыруға апарған емеспін. Құрметті тұрғындар, әлеуметтік желі қолданушылары менің аудиожазбаммен таралған ақпарат тек қана жеке құрамға бағытталғанын және олардың саулығы үшін басшы ретінде алаңдағанымды жеткізгім келеді.

Дегенмен, қазір облыстық ПД Ерболат Досмағұловтың осы әрекетіне қатысты тексерісті бастап кетті. Ал вакцинаға келер болсақ облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар екпе алу-алмау әркімнің өз еркі екенін ескерткен болатын.