Жапонияның соты бір жынысты некені тіркеуден бас тартуды конституциялық емес деп таныды. Бұл туралы ORDA. ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жапондық ЛГБТ қауымдастығы бір жыныстағы адамдар арасындағы некені тану үшін күресте алғашқы үлкен жетістікке жетті. 17 наурызда Саппоро қаласындағы аудандық сот – мемлекеттің бір жынысты одақтарды мойындаудан бас тартуы Жапония Конституциясына қайшы келеді, өйткені ол бостандық пен теңдік принциптерін бұзады деп шешті.
— Сонымен бірге, Хоккайдо префектурасынан бір жыныстағы үш ерлі – зайыптылар сотқа берген, сот істі қозғаған. Саппоро аудандық соты олардың әрқайсысына 1 миллион иен (9100 доллар) төлеу туралы талабын қабылдамаған. Ол ақша үкіметтің неке қиюға мүмкіндік бермейтін немқұрайлылығымен келтірген психологиялық залалдың өтемақысы, – деп жазады портал.