Балық қорғаушылар үшін аса мазасыз шақ келді. Олар сірескен мұзды ойып, балықтарға ауа жіберумен әлек. Жылда бұл уақытта мұздың көбесі сөгіліп, су маржандары тұщы сулы өзен-көлдерге ұмтылатын. Қазір мұздың қалыңдығынан қозғалыс тоқтап тұр.
Бүгінде облыстағы өзендер мен су арналарынада 2000-нан астам ойық пен үкі дайындалды. Оларды балық қорғау инспекциясының мамандары табиғат пайдаланушылар мен волонтерлердің көмегімен үнемі бақылауда ұстайды. Волонтер демекші, өзен үстіндегі әбігерді пайдаланған төңіректегі ауыл тұрғындары да жаппай балық аулауға шыққан. Олар үкі ойып жүрміз деген желеумен жасырын ауларын жағалай құрып тастайды екен. Инспекторлардың жұмысы сол тәулігіне айдын бетінен 30-40 ау-құралын алады
Енді аз күнде сең сөгіліп теңіз балықтарының тұщы сулы өзендерге тұқым шашуға беттейтін кезеңі басталады. Сол кезде осындай браконьерлік ау-құралдар олардың еркін өрістеуіне кедергі болары сөзсіз. Сондықтан балық қорғаушылар күн-түнмен санаспай, айдын астындағы қауіпті кедергілерді жоюға жұмылдырылды.