Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекеттік мектептер, балабақшалар және басқа да білім беру ұйымдарының директорлары мұғалімдерді жеке-дара жұмысқа орналастыра алмайтынын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сенат депутаттары екінші оқылымда жалпы білім беретін мектеп директорларына қойылатын кейбір жаңа талаптар енгізілген ғылым мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдады.
Бірінші түзету мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтарды конкурстық қабылдауды енгізуге қатысты.